Меню

Страницы

Статья

Ас тұзын пайдаланудағы пайдалы кеңестер

Ас тұзын пайдалануды тек үйде ғана емес, қоғамдық тамақтану объектілерінде де азайтуға кеңес береміз. Бұл ұсыныстардың келесі негізі бар.
Тұз өсімдік және жануар тектес тағамдардың бәрінің дерлік құрамында болады. Әсіресе консервіленген (тұздалған қияр, зәйтүн, қырыққабат және т.б.), пісірілген-ысталған (ет, шұжықтар және т.б.), кептірілген-қуырылған (тұздалған жаңғақтар, чипсы, қытырлақ нан және т.б.), сүт (ірімшік, брынза, құрт және т.б.) және теңіз тағамдарында (теңіз қырыққабаты, шаян, майшабақ, мидий, краб, теңіз шаяны және т.б.) көп мөлшерде кездеседі. Осындай тағамдарды жиі пайдаланумен қоса күнделікті тағамдарды қосымша тұздау, адамның ағзасындағы су-тұз және сілті-қышқылдың алмасуына кері әсерін тигізуі әбден мүмкін.
Адамның денесі 70% судан тұрады, тұз (хлорид натрия) ағзадағы су тепе-теңдігін сақтауды реттейді. Хлор асқазан сөлінің басты компоненті тұз қышқылын түзеуге қажетті. Бірақ, адам ағзасына тұздың артық мөлшерде түсуі қанның осмостық қысымын өзгертіп, бүйректің зәр бөлетін функциясын бұзады, сұйықтардың тіндерде жиналып, ісінуінің нәтижесінде қан тамырларының қысылуы олардың ішіндегі қысымның жоғарылауына әкеледі. Егер бұндай жағдайлар тұрақты болып тұрса, онда жүрек-қантамырларының аурулары қалыптасып, зат алмасу бұзылады, бүйректер зардап шегеді. Асқазанның тітіркенуі қатерлі ісіктің пайда болу қатерін жоғарылатады. Аз қозғалыс бұған қоса артроз, остехондроз, яғни буындар мен жұмсақ тіндерде тұз жиналуына әкеледі. Сондықтан, асты артық тұздау зиянды ғана емес, ол өте қауіпті.
Көп тұз пайдалану әр бір адамға қауіпті, әсіресе семіздікпен, гипертония, подагра, бүйрек ауруларымен зардап шегетін адамдар мен климакстағы, климакстан өткен әйелдерге өте қауіпті. Үстелге тұз салмаңыз. 2 жасқа дейінгі балаларға тамақ тұздамаңыз. 15 жасқа дейінгі балаларға тұз мөлшерін азайтуға тырысыңыз.
«Тұзды уыстап жемес» деп бекер айтылмаған шығар, сондықтан, тұзды пайдалануда біздің кеңестерімізге құлақ асыңыздар!

Дата публикации
28 февраля 2022
Дата обновления
28 февраля 2022
Тип

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
Медицинский осмотр
Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
Жарқын әсерлер мен бай тарих: Өзбекстанға ұмытылмас саяхат.
Пайдалы ақпарат
22 октября 2026
КОНДИТЕРЛІК ӨНІМДЕРДІ ТАҢБАЛАУДЫҢ МАҢЫЗЫ

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы