Балықтың пайдалы қасиеттері туралы бәрі біледі. Бұл, ең алдымен, ақуыздың, В тобындағы дәрумендердің, қанықпаған май қышқылдарының, минералды элементтердің (фосфор, кальций, калий және басқалары) таптырмайтын көзі. Бірақ, жаңа ауланған балық пен қауіпсіз балық консервілерін қалай таңдауға болатынын бәрі бірдей біле бермейді.
Жаңа ауланған балықты таңдағанда, келесіге назар аударыңыз:
• қабыршағы - жылтыр, таза, сәл дымқыл;
• көздері – ашық түсті және мөлдір;
• еті - тығыз, серпімді және үстін саусағыңызбен басқан кезде шұңқыр тез қалпына келуі керек;
• иісі - балғын және сәл тәтті, бірақ «балық» иісі тым күшті болмауы тиіс немесе өткіз иіссіз болуы керек;
• желбезектері - қызыл және айқын түсті, ал майшабақ немесе скумбрияның желбезектері – қызыл қоңыр түсті болуы тиіс. Сұр, бозғылт қызғылт немесе тым күңгірт түсті, сондай-ақ желбезектеріндегі ақ түсті шырыш болса – бұзылған балықтың белгісі.
Мұздатылған балықты таңдағанда, назар аударыңыз:
• мұзды қабат. Мұз беті біркелкі, тым қалың емес болуы қажет, мұз бетінің тегіс еместігі және мұзды өсінділері - оның қайта мұдатылғанын білдіреді.
• денесі тығыз, жұмсармаған және көзге көрінетін зақымданулардың белгілерінсіз болуы тиіс. Егер балықтың пішіні өзгеше болса, онда балықты бірнеше рет мұздатқан болуы мүмкін.
• ақ дақтар. Олар тым асыра мұздатылған балықта пайда болуы мүмкін, ал кейбір жерлеріндегі қабыршақтары түсіп қалған болса және іш қуысының тым ішке кіріп кетуі, оның мұздатуға дейін балғындығын жоғатқанын білдіреді.
Консервіленген балықты таңдағанда, назар аударыңыз:
• банканың сыртқы түрі - ақаулары, дүмпиюі, ойықтары және тат дақтары болмауы тиіс. Банкада ақау, тат басқан болса - онда оны дұрыс сақтамаған немесе дұрыс тасымалдамаған. Бұл өнім қауіпті болуы мүмкін.
• затбелгі - ол банкіге толығымен жабыстырылған болуы керек. Егер дұрыс жабыстырылмаған болса, онда консервілер тасымалдау кезінде қатты зардап шеккен немесе олар жалған.
• сілкіген кезде құтыдан шыққан дыбыс. Банканы сілкігенде, «шайқалатын» дыбыс болмауы керек. Егер ондай дыбыс естілсе, онда банканың ішіндегі балықтың мөлшері аз, ал сұйықтық көп екендігін білдіреді.
Таңбалау- анық, жеңіл оқылатын, шынайы әрі жаңылыстырмайтын болуы тиіс. Балық өнімінің қаптамасындағы ақпарат мемелекеттік және орыс тілдерінде және техникалық реламенттерде көзделген міндетті талаптар болуы тиіс: балық өнімінің атауы, құрамы туралы ақпарат, дайындаушының, импортердің атауы және орналасқан жері, өндірілген күні, жарамдылық мерзімі, сақтау шарттары, таза салмағы, өндіру кезінде уылдырық шашатын өзгерістері бар балықты пайдалану, тағамдық құндылықтар көрсеткіштері, ГМО-ның болуы туралы мәлімет, ЕАС белгісі.
Сатушыдан міндетті түрде қауіпсіздік құжаттарын талап етіңіз:
• өңделген балық өнімдері үшін - сәйкестік туралы декларация;
• өңделмеген балық өнімдері үшін - ветеринариялық құжаттар.
Дұрыс таңдау жасаңыз және сау болыңыз!