Меню

Страницы

Статья

Бруцеллез ауруы жайында не білесіз?

Бруцеллез - малдан адамға жұғатын, ағзаның тірек - қимыл, жүйке жүйелерінің зақымдануына, зәр шығару - жыныс жүйесінің қабынуына, есту, көру қабілеттерінің нашарлауына әкеліп соғатын аса қауіпті жұқпалы аурулардың бірі.

Адам арасында бруцеллез жұқпасы бүкіл дүниежүзінде кездеседі, оның ішінде Қазақстанда жыл сайын бруцеллездің 1000-н аса жағдайы тіркеледі.

Бруцеллез бактерияларымен шақырылатын жұқпалы ауру. Бұл аурумен негізінен: қой, ешкі, түйе, шошқа, бұғы, марал, ірі қара мал және иттер ауырады. Бруцеллез ауру қоздырғышы сыртқы ортаның әсеріне өте төзімді келеді: сүт өнімдерінде 25 күнге дейін сақталып, мал терісінде 3-4 ай, суда 5 ай, топырақта 2-3 ай өмір сүрсе, салқын жерде одан да ұзақ сақталады. Ауру малдың қиында немесе мал зәрімен ластанған сабан - шөпте аурудың микробтары қыс бойы сақталады.

         Бруцеллезбен көп жағдайда, кәсібіне байланысты ауылшаруашылық малдары және мал өнімдерімен ұзақ жанасатын малшылар, сауыншылар, қасапшылар, ветеринарлық дәрігерлер ауырады.

Бруцеллез жануарлардан адамға әртүрлі жолдармен беріледі: көбінесе ауру малды күту кезінде жеке бас гигиена ережелерін сақтамағанда,  малдың жүнін қырқу, малды сою, терісін сыпыру кезінде, мал төлдетуде малдың шуы, қағанақ суымен қатынаста болғанда, туған қозыны ауыздандырып емізу кезінде. Сонымен бірге бруцеллез ауру сиыр, ешкі, қойдың қайнамаған сүтін немесе толық термиялық өңдеуден өтпеген ет өнімдерін тағам ретінде пайдаланғанда жұғуы мүмкін. Сондай-ақ, қоздырғыш адамға ауа-шаң, қарым-қатынас жолдарымен де беріледі.

Бруцеллездің инкубациялық кезеңі бірнеше күннен бірнеше айға дейін созылады. Кейбір науқастарда ауру жеңіл түрде өтсе, кейбіреулерінде ауыр дәрежеде өтіп, ауру белгілері ұзақ уақытқа дейін сақталуы мүмкін.

Бруцеллез белгілері жиі тұмау және басқа да дене қызуымен сипатталатын аурулардың белгілеріне ұқсас, оның ішінде: қызба, тершеңдік, бұлшықет, буындардың ауыруы, әлсіздік, бас ауру, тәбеттің төмендеуі, салмақты жоғалту, жөтел, іштің ауруы, бауыр және (немесе) көкбауырдың үлкеюі. Негізінен буындар ауырып, бұлшық еттер мен жүйке жүйелері зақымданады. Жыныс мүшелеріне әсер еткен  жағдайда ерлерде - орхит, әйелдерде - түсік тастау, жатырдың қабынуы, мастит ауруларына әкеліп соқтырады. Ал, балалар мен жасөспірімдерді бруцеллез белсіздікке ұшыратуы мүмкін.

Жалпы науқасты дер кезінде анықтап, антибиотик дәрілер дұрыс тағайындалған жағдайда бруцеллезден толық сауығып кетуге болады.

Бруцеллез ауруынан сақтану жолдары қандай?

Бруцеллездің тек ауру малдардан немесе мал өнімдерінен жұғатынын ескерсек, бірінші кезекте сақтану шараларын аурудың көзі болып табылатын себептерді жоюдан бастаған жөн. Ол үшін, жекеменшік мал иелері мен шағын мал шаруашылық басшылары, жергілікті әкімдері және мал дәрігерлерімен бірлесіп, қожалықтағы барлық мал басын түгелдей есепке алып, уақытында бруцеллезге тексеріп, оң нәтижемен анықталған ауру малдарды санитариялық - ветеринариялық талаптарға сай жою қажет.

Сонымен қатар, бруцеллездің алдын алудағы қарапайым іс-шаралар мынадай:

  • Жануарлар күтіміне байланысты барлық жұмыстарды, әсіресе төлдеу науқанында арнайы қорғаныш киімдерін (арнайы киім, аяқ киім, қолғап) киіп жүргізу, жеке бас гигиена ережелерін сақтау;
  • Мал өнімдерін тек арнайы орындардан (дүкен, мини - маркет, базар т.б.) сатып алу;
  • Жеке тұлғалардан сатып алынған сүтті қайнамаған күйде тағамға қолданбау;
  • Етті дайындау барысында оны бөлшектеп, 2 сағаттан кем емес уақыт қайнату;
  • Малды жыл сайын және жайлауға шығарар алдында міндетті түрде бруцеллезге тексерту.

Егер осы қарапайым ережелерді сақтасаңыз, өзіңізді және жақындарыңызды бруцеллезден және басқа да жұқпалы инфекциялардан сақтайсыз!

        Денсаулық - зор байлық екенін есте сақтаңыздар!

 

Дата публикации
21 сентября 2021
Дата обновления
21 сентября 2021
Тип

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
Медицинский осмотр
Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
Жарқын әсерлер мен бай тарих: Өзбекстанға ұмытылмас саяхат.
Пайдалы ақпарат
22 октября 2026
КОНДИТЕРЛІК ӨНІМДЕРДІ ТАҢБАЛАУДЫҢ МАҢЫЗЫ

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы