Меню

Страницы

Статья

Вирустық гепатиттер

Вирустық гепатиттер-гепатит вирустарынан туындаған бауырдың жедел және созылмалы вирустық ауруларының тобы. Бұл вирустар бауырдың қабынуын тудырады, оның нәтижесі толық қалпына келу, фиброздың (цирроздың) дамуы, гепатоцеллюлярлы карцинома (бауыр қатерлі ісігі) және өлім жағдайы болуы мүмкін.

Вирустық «А» және «Е» гепатиттері - вируспен ластанған қол, су, тағам өнімдері арқылы беріледі. Вирустық В, С және D гепаттері вирустарының берілуі қан арқылы (есірткі құралдарын инъекциялық енгізу, татуировка жасау, пирсинг, косметикалық, маникюр, педикюр және тері мен шырышты қабықтардың тұтастығын бұзумен байланысты басқа да рәсімдер жүргізу кезінде зарарсыздандырылмаған құралдарды пайдалану кезінде), сондай-ақ вирус жұқтырған анадан балаға босану кезінде және қорғалмаған жыныстық қатынас кезінде жүзеге асырылады. Вирустық В,С және D гепатиттерінің вирустарын жұқтырудың ең үлкен қаупі есірткіні инъекциялық жолмен тұтынумен байланысты.

Вирустық гепатиттің барлық түріне тамаққа тәбеттің болмауы, бастың ауруы, жүректің айнуы, құсу, қалтырау, іштің ауруы, дене қызуының көтерілуі, сарғыштану, нәжістің түссізденуі, зәрдің қоңырқайлануы сияқты негізгі белгілер тән. Гепатитпен сырқаттанғандарда міндетті түрде сарғаю белгілері болуы керектігін білдірмейді, сырқаттанушылық жиі тұмаудың белгілеріне ұқсас келеді немесе клиникалық белгілері болмауы да мүмкін. Сондықтан көптеген адамдар өзінің вируспен зақымдалғанын білмей жүреді, жанындағы адамдарға жұқтырады. Сонымен қатар, вирустық С гепатитінен басқа гепатиттерде сарғыштану кезеңінен кейін науқастың жағдайы қалыпқа келе бастайды. Бірнеше апта өткеннен кейін науқастардың жағдайы жақсарады.  Фульминантты немесе аса жіті түрінде сырқаттанушылық бауыр некрозының  дамуымен  сипатталып, өлім-жітімге алып келеді.

Гепатиттерді диагностикалау үшін қазіргі уақытта зертханалық ИФТ және ПТР тәсілдерімен анықтау маңызды болып табылады.

Вирустық гепатит-бұл кең таралған және қауіпті ауру, оны емдеуге қарағанда алдын-алу оңай.

  • Вирустық «А», «Е» гепатиттерінде – ол міндетті түрде қарапайым жеке бас тазалығын сақтау және дәретханадан кейін, сырттан келгенде, тамақ ішер алдында қолды сабындап жуу, белгісіз су көздерінен суды тұтынбау, тазалығы күмәнді суаттарда суға түспеу, қайнатылған немесе бөтелкедегі суды пайдалану, бейберекет сауда орындарынан азық-түлікті сатып алмау, міндетті түрде жеміс-жидектерді, көкөністерді таза сумен мұқият жуу, үй-жайларда, дәретханаларда тазалықты қамтамасыз ету.
  • В, С, D гепатиттерінде- ешқашан біреудің ұстарасын, маникюр құралдарын, тіс щеткасын, сүлгіні және гигиеналық заттарын пайдаланбаңыз, татуировка жасаудан аулақ болыңыз (қас, қабақ, ерін татуын қоса), маникюр, пирсинг және басқа да косметикалық процедуралар үйде және күмәнді салондарда, тіс дәрігеріне және басқа да медициналық ұйымдарға барған кезде бір-реттік қолданылатын медициналық аспаптармен жұмыс істеуін талап ету, кездейсоқ жыныстық қатынастан аулақ болыңыз, егер серіктесіңіздің денсаулығына сенімді болмасаңыз, жеке қорғаныс құралдарын қолданыңыз.
  • Қазіргі таңда вирустық «А» және «В» гепатиттерінің арнайы алдын – алу үшін вакцинация жүргізіледі. Вирустық «В» гепатитіне қарсы иммундау Қазақстан Республикасының күнтізбесіне енгізілген, жаңа туылған нәрестелер бірінші екпесін перзентханада, әрі қарай өмірінің 2 – 4 айында алады. Ересектер арасында қауіпті топтағыларға – өзінің кәсіптік іс - әрекеті бойынша қанмен байланысты жұмыс жасайтындарға, науқаспен қарым-қатынаста болғандарға екпе жүргізіледі. Вирустық «А» гепатитіне қарсы жоспарлы иммундау 2 жасқа толған балаларға, эпидемиологиялық көрсеткіш бойынша вирустық «А» гепатиті тіркелген ошақтағы қарым-қатынаста болғандарға жүргізіледі. Вирустық «А» гепатитіне қарсы иммундаумен 2 жастағы балалар және эпидемиялық көрсеткіштер бойынша инфекция ошақтарындағы байланыста болған адамдар қамтылады.

 

 

Алматы облысының

санитариялық-эпидемиологиялық

бақылау департаменті инфекциялық

және паразиттік ауруларды

эпидбақылау бөлімінің бас маманы                   Б.Оңғарбекова

 

Дата публикации
31 августа 2021
Дата обновления
31 августа 2021
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
Медицинский осмотр
Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
Жарқын әсерлер мен бай тарих: Өзбекстанға ұмытылмас саяхат.
Пайдалы ақпарат
22 октября 2026
КОНДИТЕРЛІК ӨНІМДЕРДІ ТАҢБАЛАУДЫҢ МАҢЫЗЫ

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы