Меню

Страницы

Статья

Жедел ішек инфекциясының алдын алу жөнінде кеңестер

Жедел ішек инфекциясының алдын алу жөнінде кеңестер

Жедел ішек инфекциясы (ЖІИ) – ас қорыту жолдарын зақымдайтын инфекциялық аурулар тобы. Жедел ішек инфекциялары қоздырғыштар өте төзімді және ұзақ уақыт топырақта, суда, сондай-ақ қасық, тәрелке, есіктің тұтқасы, ойыншық және т.б. заттарда сақталуы мүмкін. Микробтар суда, сүтте, сүтті өнімдерде, етте, тәтті өнімдерде, салаттарда және басқа да тез бұзылатын азық-түліктерде көбейеді.

Негізгі белгілері:

  • іштің ауыруы
  • құсу, іш өту
  • дене қызуының көтерілуі
  • әлсіздік, тәбеттің төмендеуі

Құсқанда және іш өткенде адам сұйықтықты жоғалтады, соның нәтижесінде ағзадағы су алмасу процесі бұзылып, жүректің, тамырлардың, бүйректің және басқа ағзалардың қызметінің бұзылуына әкеп соғады.

Жедел ішек инфекциясының белгілері байқалса, өздігіңізден емделмей,

жедел медициналық көмекке жүгініңіз!

Жедел ішек инфекцияларын болдырмау үшін, мына ережелерді сақтау қажет:

  • Ас ішер алдында, дәретханадан кейін қолдарыңызды сабындап жуыңыз!
  • Тек қайнатылған немесе бөтелкедегі суды ішіңіз!
  • Көкөністер мен жемістерді мұқият жуыңыз!
  • Ас дайындау, ыдыс жуу және ауыз су үшін ашық айдындардың, арықтардың суын пайдаланбаңыз!
  • Арнайы белгіленген жерлерде ғана суға түсуге болады!
  • Дайындалған тағамдарды ашық қалдырмаңыз!
  • Тез бұзылатын тағам түрлерін тоңазытқышта сақтаңыз!
  • Үйдегі қоқысты уақытында шығарыңыз!
  • Тағам өнімдерін сақтау тәртібін және  мерзімін қадағалаңыздар!
  • Асты дайындау технологиясына мұқият болыңыздар!
  • Тез бұзылатын тағам түрлерін тоңазытқышта сақтаңыздар!
  • Суды қайнатып ішіңіздер!
  • Қоғамдық және жеке бас тазалығын сақтаңыздар!
  • Көшеден, бейберекет сауда орындарынан дайын тағам сатып алмаңыздар!

Есте сақтаңыздар! Тағамды дұрыс сақтау және дайындау  Сіздің және балаларыңыздың денсаулығының кепілі. Қарапайым кеңестерді ұстану СІЗДІҢ және отбасыңыздың денсаулығын сақтайды!

Өмір негізі – денсаулық. Денсаулық негізі – тазалық.

ДЕНСАУЛЫҒЫҢЫЗДЫ КҮТІҢІЗ!

Дата публикации
21 июля 2021
Дата обновления
21 июля 2021
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
Медицинский осмотр
Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
Жарқын әсерлер мен бай тарих: Өзбекстанға ұмытылмас саяхат.
Пайдалы ақпарат
22 октября 2026
КОНДИТЕРЛІК ӨНІМДЕРДІ ТАҢБАЛАУДЫҢ МАҢЫЗЫ

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы