Меню

Страницы

Статья

"Гигиенист кеңестері" айдары: Күнге қалай дұрыс күюге болады?

Көптен күткен демалыс уақыты басталды, оны адамдардың көпшілігі күн сәулесінің астында жағажайларда өткізеді. Бірақ, көптеген демалушылар күн сәулесін қабылдау кезінде қауіпсіздік шараларын ұмытып, күнге күйіп, күйік алып жатады. Денсаулыққа зиян келтірмей күн сәулесін алу үшін қарапайым ұсыныстарды орындау қажет.
• Күндізгі сағат 11-ге дейін «күн шыққанда» және 16-дан бастап «күн бататын» кезде күн сәулесін алыңыз. Күннің қызуы кезінде 11-ден 16 сағатқа дейін күн сәулесін алу қажет емес, өйткені бұл кезеңде күннің сәулесі белсенді болады және күйік алудың қауіпі жоғары. Сонымен қатар, күн сәулесін біртіндеп алу қажет, 15-20 минуттан бастап, күн сайын ашық күнде болу уақытын көбейтіп, күн ваннасының ұзақтығын күніне 2 сағатқа дейін жеткізіңіз. Қалған уақытты қолшатырдың астында немесе ағаштардың көлеңкесінде өткізіңіз. Бұл Сізге біркелкі, әдемі күйген түс береді, бірнеше күннен кейін теріңіз қабыршақтанбайды.
• Күннің астында демалу кезінде көп сұйықтық ішіңіз. Күннің ыстығында шөліңізді тәтті газдалған сумен, қою кофемен, әсіресе алкогольдік сусындармен басуға болмайды.
• Есіңізде болсын, тек теріге ғана қауіп төнбейді - көзіңізді күннің көзінен қорғайтын көзілдірікпен, басыңызды бас киіммен қорғаңыз.
• Біркелкі және әдемі күйген түсті волейбол, бадминтон, серуендеу, жүгіру т.б. белсенді демалыспен айналыса отырып алған дұрыс. Егер сіз күннің сәулесін жатып алғанды жөн көрсеңіз, онда арқа жақтан үнемі ішпен немесе бүйіріңізге қарай бұрылыңыз. Ешбір жағдайда күннің астында ұйықтауға болмайды! Бұның арқасында Сіз күннің күйіп қалу қаупінен сақтанасыз.
• Күннен қорғайтын кремдерді қолдануды ұмытпаңыз. Мұрын, иық және кеуде – күннің сәулесі үшін ең осал жерлер. Оларды міндетті түрде майлау керек. Сіз шомылғаннан кейін сүлгімен сүртіну арқылы терінің қорғаныш қабатын сүртіп алғаныңызды түсінуіңіз керек. Сондықтан, сақтайтын қабықты қалпына келтіру үшін қайтадан қорғаныс кремін жағу керек.
Күннің көзіне дұрыс күюді біле отырып, Сіз әдемі күйген түсті ала аласыз.

Дата публикации
15 июля 2021
Дата обновления
15 июля 2021
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
Медицинский осмотр
Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
Жарқын әсерлер мен бай тарих: Өзбекстанға ұмытылмас саяхат.
Пайдалы ақпарат
22 октября 2026
КОНДИТЕРЛІК ӨНІМДЕРДІ ТАҢБАЛАУДЫҢ МАҢЫЗЫ

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы