Жазғы ыстық ауа-райының басталуымен көптеген тұрғындар, әсіресе балалар су бұрқақтарындағы суда шомылуды, серігуді жөн көреді және кейбіреулері одан су ішетіні байқалады (!!!). Субұрқақтар шомылу мен ішуге емес, ол тек эстетикалық мақсаттарға арналған.
Мұндай демалыс мүлдем қауіпсіз емес, себебі, субұрқақтағы су қажет болған жағдайда ғана ауыстырылып тұрады. Субұрқақа су бастапқыда су құбыры арқылы келеді, бірақ ол тез ластанады. Су шектеулі шеңберде айналады, яғни ресурстарды үнемдеу үшін бастапқы су қолданылады, ауыспайды.
Субұрқақтағы суды сүзу жүйесі қарастырылмаған, бассейндегідей тазаланбайды және зарарсыздандырылмайды. Оларда көбінесе әртүрлі жұқпалы және паразиттік аурулардың тасымалдаушысы бола алатын қаңғыбас иттер мен құстар шомылады немесе су ішеді. Бұның нәтижесінде субұрқақтың суында ішек инфекциясы бактериялары, «А» гепатитінің, серозды менингит, энтеровирустық инфекция қоздырғыштары болуы мүмкін.
Көптеген жұқпалы аурулар ауыр халге шалдықтырып, мүгедектікке немесе өлімге әкеп соқтыруы мүмкін.
Сондай – ақ, салқын тиюдің немесе күннің өту қауіптілігінде ұмытпаған жөн.
Балаларды осындай жерлерге демалуға жібермес бұрын, оның салдары туралы ойланыңыз.