Облыс аумағында КВИ-ға қарсы вакцинация жүргізудің маңыздылығы жөніндегі санитарлық-ағарту жұмыстары кеңінен жүргізілуде. Соның ішінде 12 баспасөз конференция, брифингі өткізіліп, теледидар арқылы – 15, радио арқылы 10 сұхбат берілді. Бұқаралық ақпарат құралдарына 30 мақалалар жарияланып, арнайы сайттарға 230 материалдар, әлеуметтік желілерге 468 ақпарат орналастырылды. Облыс бойынша 14 сенім телефоны ұйымдастырылған. Медицина қызметкерлерімен 78 семинар, тренинг өткізілді. 906 денсаулық бюллетеньдері, 4686 көрнекі құралдар дайындалды.