Меню

Страницы

Статья

"Гигиенист "кеңестері" айдары: Еуразиялық экономикалық одақтың «Химиялық өнімнің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламенті жөнінде

Адамның өмірі мен денсаулығын, оның мүлкін, қоршаған ортаны, жануарлар мен өсімдіктердің өмірі мен денсаулығын қорғау, сондай-ақ тұтынушыларды жаңылыстыратын әрекеттердің алдын алу үшін әзірленген Еуразиялық экономикалық одақтың «Химиялық өнімнің қауіпсіздігі туралы» (ЕАЭО ТР 041/2017) техникалық регламенті 2021 жылы күшіне енеді.

Бұл техникалық регламент химиялық өнімге қойылатын бірыңғай міндетті талаптарды, сондай-ақ оның сәйкестігін бағалау қағидалары мен нысандарын, сәйкестендіру қағидаларын, терминологияға, таңбалауға және оны жазу қағидаларына қойылатын талаптарды белгілейді.

Регламент техникалық регламентте белгіленген бірқатар заттарды қоспағанда, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында айналысқа шығарылатын барлық химиялық өнімге қолданылады.

Химиялық өнімнің сәйкестігін бағалау екі нысан бойынша жүргізіледі: хабарламалық мемлекеттік тіркеу және рұқсаттық мемлекеттік тіркеу.

Хабарламалық мемлекеттік тіркеу - егер химиялық өнім туралы мәліметтер Еуразиялық экономикалық одақтың химиялық заттары мен қоспалары тізіліміне енгізілген болса, химиялық өнімнің құрамында тыйым салынған және (немесе) қолдануға шектелген химиялық заттар мен қоспалар болмаған жағдайда, сондай-ақ осындай заттардың шоғырлануы белгіленген шекті көрсеткіштен төмен болған жағдайда жүргізіледі.

Рұқсаттық мемлекеттік тіркеу жаңа химиялық өнімге жүргізіледі, сондай-ақ химиялық заттар мен қоспалардың тізіліміне енгізілген, шекті құрамнан асатын концентрацияларда қолданылуы шектеулі химиялық заттар мен қоспалар бар химиялық өнімге қатысты жүргізіледі.

Техникалық регламент химиялық өнімді таңбалауға қойылатын талаптарды белгілейді.

Таңбалау анық және жеңіл оқылатын, әртүрлі әсерлерге төзімді, химиялық өнімді толық пайдаланып болғанға шейін сақталатын және мемлекеттік және орыс тілдерінде болуы тиіс. Таңбалауда келесі мәліметтер көрсетіледі: өнімнің атауы; химиялық өнімді дайындаушының (дайындаушы уәкілеттік берген тұлғаның), импорттаушының атауы,  орналасқан жері, елді қоса алғанда және телефон нөмірі; қауіпті деп жіктелген және химиялық өнімнің құрамында белгіленген концентрациялардың мәнінен асатын мөлшерде болатын химиялық заттар мен қоспалардың атауы; сақтау шарттары және дайындаушының кепілдік міндеттемелері (жарамдылық мерзімі, сақтау мерзімі және т.б.); химиялық өнім дайындалған құжат (бар болған жағдайда); химиялық өнімнің қауіпті қасиеттері туралы ақпарат, оның ішінде ескерту таңбалануы.

Ескерту таңбасының элементтері химиялық өнімді таңбалаудағы өзге ақпараттан ерекшеленуі тиіс және қауіптілік белгісі, қауіптілік символы, сигналдық сөз түрінде жазылып, қауіптіліктің алдын алу жөніндегі шаралардың сипаттамасы көрсетіледі.

Дата публикации
11 июня 2021
Дата обновления
11 июня 2021
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
Медицинский осмотр
Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
Жарқын әсерлер мен бай тарих: Өзбекстанға ұмытылмас саяхат.
Пайдалы ақпарат
22 октября 2026
КОНДИТЕРЛІК ӨНІМДЕРДІ ТАҢБАЛАУДЫҢ МАҢЫЗЫ

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы