Меню

Страницы

Статья

Органикалық өнімдердің артықшылықтары

Бүгінгі таңда дұрыс тамақтануды ұстанатын және органикалық өнімдерді ұнататын адамдар көп. Дүкендерде «Био», «ЭКО», «Органикалық» деп аталатын өнімдерді жиі кездестіруге болады. Бірақ мұндай өнімдер әр уақытта органикалық бола ала ма?
Алдымен, өнімді қашан «органикалық» деп жатқызуға болатынын және оның қалған тамақ өнімдеріне қарағанда қандай артықшылықтары бар екенін қарастырайық.
Органикалық өнімдер - бұл өнімді өндіру кезінде арамшөптермен, зиянкестермен және өсімдік ауруларымен күресу үшін пестицидтерді, сондай-ақ синтетикалық минералды тыңайтқыштарды, өсімдіктердің өсуін тездететін, өнімнің сыртқы түрін жақсартатын қоспаларды қолдануға тыйым салынған өнімдер. Бұл ретте, өсімдіктерді қорғау негізінен табиғи препараттар арқылы жүзеге асырылап, ал топырақ пен өсімдіктерді тамақтандыру үшін органикалық тыңайтқыштар қолданылады. Өсімдік шаруашылығы өнімін өсіру кезінде генетикалық түрлендірілген организмдерді пайдалануға жол берілмейді. Мал шаруашылығында өсу стимуляторларын, гормондар мен антибиотиктерді қолдануға рұқсат етілмейді.
Қазақстан Республикасының аумағында органикалық өнім өндіруге қойылатын талаптар «Органикалық өнім өндірісі туралы» Заңмен регламенттелген.
Шикізатты дайын тамақ өнімдеріне қайта өңдеу кезінде тағамдық қоспаларды, дәм мен иісті химиялық күшейткіштерді, бояғыштарды және өнімнің жарамдылық мерзімін ұзартатын заттарды пайдаланбай жүргізілуі тиіс. Тек сау жануарлар мен өсімдіктер, қауіпсіз өнімдер мен шикізат пайдаланылуы керек. Қазақстан Республикасының заңнамасында органикалық шикізатты қайта өңдеу кезінде пайдалануға рұқсат етілген заттар мен өнімдердің тізімі көзделген.
Органикалық өнімдерді өсіру және өндіру кезінде көрсетілген талаптарды сақтаудың дәл өзі оған басқа тамақ өнімдерінен артықшылығын көрсетеді:
- органикалық өнімдер адам мен қоршаған орта үшін қауіпсіз;
- органикалық өнімдер нитраттармен, ауыр металдармен, пестицидтердің, гербицидтердің қалдықтарымен және химиялық синтездің басқа заттарымен ластанбаған;
- органикалық өнімдерде генетикалық түрлендірілген организмдер және олардың негізінде өндірілген заттар, өсу стимуляторлары, гормондар және антибиотиктер жоқ;
- органикалық өнімдер қайта өңдеу кезінде тағамдық қасиеттері мен табиғи құрамын сақтайды, өйткені қайта өңдеудің табиғи әдістері мен дәстүрлі рецептілер, буып-түюге арналған табиғи заттар мен материалдар ғана пайдаланылады.
Органикалық өнімді таңдау кезінде бірнеше ұсыныстар бергіміз келеді. Міндетті түрде өнімнің таңбалануын зерделеп оқыңыз. Органикалық өнімді таңбалауда тамақ өнімдерін таңбалауға қойылатын міндетті талаптардан басқа, мұндай өнімді өндіру үшін шикізат өндірілген орын туралы ақпарат болуы тиіс. Бұдан басқа, органикалық өнімді өндірушіге инспекция жүргізген ұйымның атауы көрсетілуі, органикалық өнімнің ұлттық сәйкестік белгісі салынуы тиіс. Сатушыдан өнімнің шынымен органикалық екенін растайтын және қаптамаға «био», «эко», «органик», «органикалық», «organic» белгілерін қоюға мүмкіндік беретін сәйкестік сертификатын талап етіңіз.
Біздің және болашақ ұрпақтың денсаулығы өз қолымызда! Және де сол себепті, таңдауды органикалық өнімдердің пайдасына қарай жасау керек.
Дата публикации
21 мая 2021
Дата обновления
21 мая 2021
Тип

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
Медицинский осмотр
Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
Жарқын әсерлер мен бай тарих: Өзбекстанға ұмытылмас саяхат.
Пайдалы ақпарат
22 октября 2026
КОНДИТЕРЛІК ӨНІМДЕРДІ ТАҢБАЛАУДЫҢ МАҢЫЗЫ

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы