Меню

Страницы

Статья

"Гигиенист кеңестері" айдары: Құрылыс материалдарын өндіру және қайта өңдеу қызметімен айналысқысы келетін адамдар не білуі керек.

Пайдалы қазбаларды өндіру немесе өңдеу үшін жер учаскесін таңдау кезінде тұрғын үй құрылыстарына, саяжай және бау-бақша учаскелеріне, денсаулық сақтау, білім беру объектілеріне, сондай-ақ спорттық-сауықтыру ұйымдарына дейін санитариялық-қорғаныш аймағының (бұдан әрі-СҚА) ең аз мөлшерін сақтау мақсатында жер учаскесінің ахуалдық схемасымен және аумақтың (елді мекеннің) бас жоспарымен танысу қажет;

2) Жұмыс басталар алдында есептік СҚА негіздемесінің жобасын әзірлеу және аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасымен келісу қажет. СҚА ең аз мөлшері Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 237 бұйрығымен бекітілген «Өндірістік объектілердің санитариялық-қорғаныш аймағын белгілеу бойынша санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларында көрсетілген;

Мысалы: карьерлерде, қиыршық тасты, құмды, саздар жарылғыш емес тәсілімен өндіретін кәсіпорындарда СҚА-ның ең аз мөлшері 100 метрден кем болмауы керек, ал карьерлерде қиыршық тасты, және құмды өндіруге арналған ұсақтау-сұрыптау жабдығын орнату жағдайларында СҚА-ның ең аз мөлшері 500 метрден кем болмауы керек.

3) СҚА ең аз мөлшері 1000 және 500 метр құрылыс материалдарын өндіру және қайта өңдеу жөніндегі объектілердің жұмысын бастар алдында объектінің санитариялық қағидаларға сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алу қажет, ол мемлекеттік қызмет көрсету тәртібімен тегін негізде «elicense.kz» портал арқылы көрсетіледі";

4) 300 және 100 метр СҚА ең аз мөлшері бар құрылыс материалдарын өндіру және қайта өңдеу жөніндегі объектілердің жұмысын бастар алдында объектінің орналасқан жері бойынша аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына, сондай-ақ «elicense.kz» портал арқылы қызметтің басталғаны туралы хабарлама жіберу қажет".

Бұл халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы рұқсат беру құжаттарының негізгі тізбесі. Толық кеңес алу үшін Сіз әрқашан біздің департаментке Талдықорған қаласы, Сланов көшесі, 85 а мекен-жайы бойынша, телефон: 8 (7282) 60-11-85 немесе біздің аумақтық басқармаларымызға хабарласа аласыз.

 

Дата публикации
19 мая 2021
Дата обновления
19 мая 2021
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
Медицинский осмотр
Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
Жарқын әсерлер мен бай тарих: Өзбекстанға ұмытылмас саяхат.
Пайдалы ақпарат
22 октября 2026
КОНДИТЕРЛІК ӨНІМДЕРДІ ТАҢБАЛАУДЫҢ МАҢЫЗЫ

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы