Темекі-құрамында психоактивті және тәуелділікке әкелетін зат – никотині бар жалғыз табиғи алкалоид.
Темекі – темекі жапырақтары мен қағаздан тұратын зиянсыз ойыншық емес. Ол жанған кезде 4 мыңнан астам қауіпті химиялық заттар бөлінеді. Дәл сол заттар темекі шегу кезінде ағзаға негізгі зиянды келтіреді.
Темекінің түтінімен бірге Сіз осы зиянды заттармен дем аласыз:
- шайырлар - қатты бөлшектердің қоспасы. Олардың көпшілігі канцерогендер және өкпеде қалады;
- күшән (мышьяк) - темекінің құрамындағы ең зиянды химиялық элемент, ол жүрек-тамыр жүйесіне теріс әсер етеді, қатерлі ісіктің дамуына себеп болады;
- бензол - органикалық шыққан улы химиялық қосылыс, лейкозды және қатерлі ісіктің басқа түрлерін тудырады;
- полоний - радиоактивті элемент, ағзаға ішкі жағынан радиациялық әсер етеді;
- формальдегид - улы химиялық зат, өкпе және тыныс алу жолдарының ауруларын тудырады;
Көптеген өндірушілер темекіге темекіні ғана емес, сонымен қатар түтіннің химиялық құрамына әсер ететін басқа заттарды да қосады. Какао, ментол, ванилин, сорбитол және т.б. сияқты қоспалар темекі өнімдерінің құрамына улы темекі өнімдерін дәмді және қолайлы ету үшін қосылады. Сондай-ақ, шығарылған түтінге ақ түс беретіндей ағартатын заттар қосылады.
Темекі шегу кезінде қауіпті заттар қоршаған ортаға шығарылып, жақын маңдағы барлық адамдардың денсаулығына зиянды әсерін тигізеді.
Егер сіз темекі шегетін болсаңыз, оны бүгін тоқтатыңыз:
- Бір жылдан кейін сізде жүректің ишемиялық ауруы қаупі екі есе азаяды
- 5 жылдан кейін өкпе қатерлі ісігінен қайтыс болу ықтималдығы төмендей бастайды, ал 15-20 жылдан кейін ол ешқашан темекі шекпегендерге қарағанда жоғары болмайды
- Келесі күні қандағы оттегінің мөлшері қалыпқа келеді
- 2 күннен кейін дәм мен иіс сезу қабілеті артады
- Бір аптадан кейін келбет жақсарады
- Келесі күні теріден, шаштан және тыныс алу кезінде жағымсыз иіс жоғалады
- Бір айдан кейін шаршау айтарлықтай төмендейді
- Көп ұзамай таңертең бас ауруы жоғалады және жөтел мазаламайды
Темекіні тастау ешқашан кеш емес екендігін ұмытпаңыз.