ХАССП (Hazard Analysis and Critical Control Points, тәуекелді қолдау және бақылаудың аумалы нүктелері) қауіпті ахуалдың пайда болу ықтималы бар тамақ тізбегінің барлық кезеңдерінде, өндірістік процестің кез келген нүктесінде бақылауды қамтамасыз ететін азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігін басқару жүйесі.
Шағын, микрокәсіпкерлік субъектілерге тексеруге мораторий енгізілгенін ескеріп, көктем-жаз маусымында жаппай тамақтан уланудың, жіті ішек жұқпаларының алдын-алу мақсатында Алматы облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау Департаментінің аудандық, қалалық басқармаларының мамандарымен ағымдағы жылдың наурыз айында "Zoom" мобильдік қосымшасы арқылы тамақ өнеркәсібінің шаруашылық субъектілерімен "ХАССП қағидаттары негізінде тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі менеджменті жүйесін енгізу" тақырыбы бойынша онлайн-семинарлар өткізді.
Семинарда өндірушілерге ХАССП жүйесі қағидаттарына негізделген өндірістік бақылауды қамтамасыз ету басты мақсат екендігі туралы ақпарат берілді.
ХАССП (HACCP) жүйесін қолдану мақсаты. Қазіргі таңда ХАССП (HACCP) жүйесі азық-түлік өнімдерінің сапасын басқарудың және реттеудің негізгі моделі, оның қауіпсіздігін қамтамасыз етудің бас құралы болып табылады. Мақсатты бақылау шараларының нәтижесінде азық-түлік өнімдерін тұтынуға байланысты болатын барлық тәуекел түрлерін алдын-ала ескеріп, болдырмайтын, жоятын және қисынды деңгейіне дейін азайтатын аумалы бакылау нүктелері деп аталатын мәселеге ерекше көңіл бөлінеді. ХАССП жүйесі тәуекел факторларын болдырмау жүйесі емес. Оның негізгі бағыты - азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігіне байланысты болатын проблемалардан туындауы мүмкін тәуекелдерді азайту.
ХАССП жүйесінің қағидалары. ХАССП жүйесінің негізіне алынған жеті қағида бар және олар белгілі азық-түлік өнімдерін шығарушы кәсіпорын үшін жүйені құру кезінде міндетті түрде қолданылады:
1.Тәуекелдерге (қауіпті факторларға) мұқият талдау жүргізу;
2.Аумалы бақылау нүктелерін(АБН) анықтау;
3.Әр бақылау нүктесі үшін аумалы шектеулерді белгілеу;
4.Аумалы бақылау нүктелерінің мониторингісі рәсімдерін белгілеу (қалай?, кім?, қашан?) ;
5.Түзету іс-қимылдарын әзірлеу;
6.Есепке алу және құжаттамаларды жүргізу, рәсімдерін белгілеу;
7.Құжаттама жиынтығын тексеру рәсімдерін белгілеу.
ХАССП жүйесін енгізудің ұтымдылығы. Азық-түлік өнімдерін өндіруші компаниялар өздерінің кәсіпорындарына ХАССП жүйесін енгізе отырып, тауарлардың рыноктағы қозғалысы кезінде өздерінің өнімдерінің немесе сауда белгісінің қорғалуын қамтамасыз етеді. ХАССП жүйесінің маңызды да шартсыз құндылығы оның қасиеттерін айқындау емес, атап айтқанда азық-түлік өнімдерінің өндірісінің барлық тізбегінде кезең-кезеңімен бақылау арқылы қателіктердің алдын-алу, болжау және ескерту болып табылады. Бұл тамақ өнеркәсібі саласының жұмысындағы бірінші кезектегі басты міндет болып табылады және тұтынушыларға азық-түлік өнімдерін қолдануда қауіпсіздікті кепілді түрде қамтамасыз етеді. ХАССП қағидаларына сүйенген жүйені өндірісте қолдану азық-түлік өнімдерін өндіруші компанияларға жоғары еуропалық қауіпсіздік талаптарына сәйкес келетін өнімдерді ғана емес, Еуропаның тағам рыногындағы қатаң бәсекелестікке қабілетті өнімдерді шығаруға да мүмкіндік береді.
Алматы облысы санитариялық-гигиеналық бақылау департаментінің жетекші маманы Г.Таласпаева