Рамазан айында құрма үлкен сұранысқа ие. Өйткені, ораза кезінде құрманы пайдалану дұрыс тамақтануға арналған кеңестердің ішіндегі ең танымалы.
Осыған байланысты құрмалар туралы не білуіңіз керек?
Құрмалар - тропикада өсетін пальманың жемістері. Сұрыптарына байланысты кішкентай мөлшердегі жаңа піскен жемістердің түсі сары және қызылдан қою қоңырға дейін өзгереді. Оларды көбінесе кептірілген жеміс түрінде сатады. Құрманың кептірілгендігін немесе жоқ екенін олардың түріне қарай анықтауға болады. Терісі неғұрлым тегіс болса, жеміс соғұрлым балғын болады.
Құрмалардың пайдалылығы неде?
Құрмалар жұмаққа лайықты жеміс болып табылады. Олар мыс, темір, магний, мырыш, марганец, калий, кальций, фтор сияқты минералдарға, сондай-ақ А, С, В1, В2, В6 дәрумендеріне, антиоксиданттарға бай, құрамында талшық көп. Дененің күнделікті мыс, магний және күкіртке қажеттілігін 10 құрма қанағаттандыра алады. Құрманың құрамындағы В дәрумені орталық жүйке жүйесіне жағымды әсер етсе (жүйке мен депрессиялық жағдайларды жояды), минералдар жүрек-тамыр жүйесін жақсартады. Құрма құрамындағы антиоксиданттар қатерлі ісік ауруының қаупін азайтады, ал талшық ас қорытуды жақсартады, осылайша дененің метаболикалық процестерін қалпына келтіреді.
Күніне қанша құрма жеуге болады?
Күніне 25 грамм құрмадан артық емес (энергетикалық құндылығы 68.5 ккал) тұтыну ұсынылады. Сұрыптарына қарай бір құрманың салмағы 5-тен 15 граммға дейін, осыған сүйене отырып, 2-ден 5-ке дейін құрманы тұтыну ұсынылады.
Құрманы кімге пайдалануға кеңес берілмейді?
Бұл жемісті аллергиясы бар адамдар мүлдем тұтынбау керек. Құрманың құрамында фруктозаның көп мөлшері бар екенін ескере отырып, қант диабеті, артық салмақ, семіздігі бар науқастарға ұсынылмайды. Қант спирті мен сорбиттің бар болуына байланысты асқазанның қышқылдығы жоғары, тітіркенген ішек синдромы бар адамдарға ұсынылмайды.
Құрмаларды қалай таңдауға болады?
Сатып алудан бұрын құрмаларды және қаптамасын мұқият тексеріңіз. Жоғары сапалы құрмалар қолға жабыспайды, майдан жылтырамайды және қант оларға әсер етпейді. Бетінде қанты немесе майдың болуы олардың сыртқы түрін жақсарту үшін қант шәрбатында немесе майда өңделгенін көрсетеді. Таңбалауды үйреніңіз. Таңбалауда атауынан басқа, құрамы, саны, дайындалған күні, жарамдылық мерзімі, сақтау шарттары, тамақ өнімдерінің тағамдық құндылығының көрсеткіштері, тамақ өнімдерін дайындаушының атауы мен орналасқан жері, пайдалану жөніндегі ұсынымдар және (немесе) шектеулер, ГМО-ның болуы туралы мәліметтер, ЕАС белгісі болуы тиіс. Барлық мәліметтер мемлекеттік және орыс тілінде болуы тиіс.
Құрмаларды жуу керек пе?
Басқа кептірілген жемістер сияқты, құрмаларды да аз мөлшерде және тез-тез суға батырып алу керек. Әсіресе, терісі жылтыр құрманы майдан тазарту үшін оларды мұқият жуу керек. Содан кейін құрмаларды мұзды судың астында шайып, дуршлагқа ауыстыру керек.
Құрмаларды сақтау үшін ерекше жағдайлар қажет пе?
Жуылған және кептірілген құрмаларды тоңазытқышта сақтаған жөн. Кептірілген жемісті қараңғы жерде, тікелей күн сәулесінің тиюінен қорғалған, +5+20 градус температурада және 70% - дан аспайтын ылғалдылықта сақтау керек.
Бұл жұмақтың жемісі туралы тағы не білгіңіз немесе өз біліміңізбен толықтырғыңыз келеді?