Меню

Страницы

Статья

"Гигиенист кеңестері" айдары: Азық-түліктердің гликемиялық индексі дегеніміз не?

Азық-түліктердің гликемиялық индексі (ГИ) пайдаланған тағамның қан құрамындағы глюкозаның деңгейіне әсер ететін көрсеткіш. ГИ жоғары болған сайын, қант қан құрамына тез өтіп, оның деңгейін күрт көтереді, ал ГИ төмен болса, керісінше.

Қант диабеті бар, ораза ұстаған, кәсіби спортшылар, жазға қарай артық салмақтан арыламын немесе дұрыс тамақтанумен денсаулық көрсеткіштерін жақсартамын деген адамдарға өз рационын жоспарлағанда азық-түліктің ГИ қарастыру қажет.

Қант диабетінде қандағы қант деңгейін қатаң қадағалау өмірлік қажеттілік, сондықтан емдік диетология бұндай науқастарға ГИ төмен тағам өнімдерін пайдалануға кеңес береді.  

Оразада тамақтану аралығы алшақтануына байланысты, энергия жұмсау уақытын ұзарту мақсатында  ГИ төмен тағам өнімдерін таңдау қажет.

Кәсіби спортшыларға ұзақ жаттығулар мен жарыстардан кейін дененің энергетикалық тепе-теңдігін қалпына келтіру мақсатында ГИ жоғары тағамдарды пайдалану ұсынылса, ал жарыстар мен жаттығулардың  алдында ГИ төмен тағамдарды пайдалану қажеттілігі туындайды.

      ГИ жоғары тағам өнімдерін үнемі ретсіз пайдалану және физикалық қозғалыспен жеткілікті энергия жұмсамау, яғни гиподинамия семіздікке әкеледі.  Сондықтан, артық салмақтан арылу үшін ГИ төмен тағам өнімдерін пайдаланған абзал.

Тағам өнімдерінің ГИ көрсеткіштері жоғары (70+), орташа (56-69), төмен (55-) болып бөлінеді.

Құрамында көмірсулар бар азық-түлікте ғана ГИ анықталады. Азық-түліктің ГИ көрсеткішіне технологиялық өңдеу тәсілдері әсер етеді. Мысалы: тұтас дәнді жармаларда ГИ, тегістелген немесе ұсақталған дәнді жармаларға қарағанда төмен болады. Буға пісіріліп немесе майға қуырылып өңделген азықтың ГИ-і әр түрлі болады. ГИ құрамы клетчаткаға бай азықтарда төмен болады. Жемістердегі ГИ олардың құрамындағы жылдам көмірсуларға (негізінен фруктоза) тікелей байланысты. Көкөністің шырыны қаншалықты тәтті болса, соншалық ГИ жоғары болады.

Сондықтан өз тамақ рационынызды  жоспарлағанда азық-түліктің ГИ назар аударыңыз.

Дата публикации
23 апреля 2021
Дата обновления
23 апреля 2021
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
Медицинский осмотр
Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
Жарқын әсерлер мен бай тарих: Өзбекстанға ұмытылмас саяхат.
Пайдалы ақпарат
22 октября 2026
КОНДИТЕРЛІК ӨНІМДЕРДІ ТАҢБАЛАУДЫҢ МАҢЫЗЫ

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы