Меню

Страницы

Статья

Білім беру ұйымдарындағы шектеу іс-шаралары жайлы

Білім беру ұйымдарында келесідей іс-шаралардың сақталуын қамтамасыз ету қажет:  

- барлық қызметкерлер мен білім алушылардың медицина қызметкерлері күнделікті таңертеңгі сүзгіні (жанаспайтын термометрия, ғимаратқа кіреберісте қолды антисептикпен өңдеу, аяқ киімнің табанын өңдеу, аяқ киімді ауыстыру) жүргізу;

- мектепте жүріп-тұру, оның ішінде баспалдақпен көтерілу "бір жақты қозғалыс" қағидасы бойынша арнайы көрсеткіштермен таңбалау;

- кезекте қашықтықты қамтамасыз ету үшін кірер алдында асфальтқа таңба қою;

- жалпы білім беру объектісінің үй-жайларында да, ғимаратында да қашықтықты сақтау үшін сигналдық белгілер қою;

- білім беру объектілеріне, білім беру объектісінің аумағында, дәліздерде, үй-жайда оқушылардың қозғалысы кезінде кемінде 1,5 метр қашықтықты сақтау;

- оқушылардың, персоналдың қолдарын өңдеуге арналған тері антисептигі бар санитайзерлер әр қабатта, әр сыныпта (аудиторияда, кабинетте), санитариялық тораптарда және лас маскаларға арналған таңбаланған сыйымдылықтарда орнату;

- оқушылар мен қызметкерлерге арналған санитариялық тораптарда дозаторларда сабынның, дозаторларда қолға арналған дезинфекциялық құралдардың болуы, қол жуу қағидалары бар плакаттардың болуын қамтамасыз ету;

- әр қабаттағы санитариялық бекеттердің жұмысын ұйымдастыру, мектепке келген кезде (сабақ басталғанға дейін), үзілістерде, көшеде серуендегеннен кейін, санитариялық торапта болғаннан кейін және басқа да ластану жағдайларында оқушылардың қолдарын уақтылы жууын (сұйық сабынды пайдаланып қолды жуу) сыныптарда (топтарда) бақылауды жүзеге асыру;

- түшкіру және жөтелу кезінде пайдаланылған маскаларды, қолғаптарды, сулықтарды кәдеге жарату үшін арнайы орындар ұйымдастыру;

- сырқаттанушылық тіркелген кезінде сыныпқа, топқа карантин белгілеу.

 

 

Дата публикации
01 апреля 2021
Дата обновления
01 апреля 2021
Тип

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
Медицинский осмотр
Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
Жарқын әсерлер мен бай тарих: Өзбекстанға ұмытылмас саяхат.
Пайдалы ақпарат
22 октября 2026
КОНДИТЕРЛІК ӨНІМДЕРДІ ТАҢБАЛАУДЫҢ МАҢЫЗЫ

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы