Бруцеллез – бұл Brucella тобына жататын бактериялармен шақырылатын жұқпалы ауру. Бұл жұқпамен негізінен: қой, ешкі, түйе, шошқа, бұғы, марал, ірі қара мал және иттер ауырады.
Бруцеллез жануарлардан адамға әртүрлі жолдармен беріледі. Жиі адамдар бруцеллезді ауру малды күткенде жеке бас гигиенасы ережелерін сақтамаса, ауру мал бөліністерімен залалданған құралдармен тікелей қатынасса, малдың жүнін қырқу, малды сою, терісін сыпыру кезінде, мал төлдету кезінде малдың шуы, қағанақ суымен қатынаста болғанда, туған қозыны ауыздандырып емізу кезінде жұқтырып алады. Сонымен бірге ауру сиыр, ешкі, қойдың қайнамаған сүтін немесе толық термиялық өңдеуден өтпеген өнімдерді тағам ретінде пайдаланғанда ауру жұғуы мүмкін.
Бруцеллездің инкубациялық кезеңі бірнеше күннен бірнеше айға дейін созылады. Бруцеллездің белгілері: қызба, тершеңдік, бұлшықет, буындардың ауыруы, әлсіздік, бас ауру, депрессия, ашушаңдық, тәбеттің жоғалуы, салмақты жоғалту, жөтел, іштің ауруы, бауыр және (немесе) көкбауырдың үлкеюі.
Бруцеллезден сақтану үшін әртүрлі шараларды қолдануға болады.
Егер осы қарапайым ережелерді сақтасаңыз, өзіңізді және жақындарыңызды бруцеллезден және басқа да жұқпалы инфекциялардан сақтайсыз! Денсаулық - зор байлық екенін есте сақтаңыздар!
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ, ТАЛДЫҚОРҒАН қ. СЛАНОВ к-сі №85 А