Меню

Страницы

Статья

Алматы облысында COVID-19 туралы

Алматы облысының аумағында 268 мониторингтік топ жұмыс істейді. Айта кетерлік, санитарлық дәрігерлер мобильді топтардың құрамына кірмейді, әкімшілік жауапкершілікке тарту үйлестіру орталықтары мен аумақтық полиция басқармаларынан келіп түсетін материалдар мен шұғыл хабарлама негізінде жүзеге асырылады.
Жыл басынан мониторингтік топтармен 8361 рейд жүргізілді, 49808 объект қамтылды, 595 объектіде белгіленген жұмыс режимінің бұзылуы және эпидемияға қарсы талаптар сақталмауы анықталды.
Алматы облысы эпидемиологиялық жағдай бойынша «сары» аймақта қалуда. 2021 жылғы 31 наурыздағы жағдай бойынша облыста КВИ зертханалық расталған 13477 жағдай тіркелген, оның ішінде 6311 белгілері бар.
Талдау көрсеткендей, қоғамдық мекемелерден басқа, жеке секторда адамдар жиналатындары байқалады - отбасылық іс-шаралардан, үйлену тойларынан, еске алулардан және үйдегі тойлардан инфекцияларды тіркеу жалғасуда.
Алматы облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті облыстың барлық тұрғындары мен қонақтарын жауапты болуға, адамдар көп жиналатын орындарға бармауға, бұқаралық іс-шараларды ұйымдастырмауға және қатыспауға шақырады.

Дата публикации
31 марта 2021
Дата обновления
31 марта 2021
Тип

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
Медицинский осмотр
Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
Жарқын әсерлер мен бай тарих: Өзбекстанға ұмытылмас саяхат.
Пайдалы ақпарат
22 октября 2026
КОНДИТЕРЛІК ӨНІМДЕРДІ ТАҢБАЛАУДЫҢ МАҢЫЗЫ

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы