Меню

Страницы

Статья

Әдемі сымбат - денсаулық кепілі

Сколиоз - омыртқаның бір бүйірге қарай қисаюы және омыртқа пішінінің өзгеруі. Сколиоздың туылғаннан болатын және жүре пайда болатын түрлері болады.

Жүре пайда болған сколиоз келесідей себептерден пайда болуы мүмкін: омыртқа бойында орналасқан бұлшық еттердің әлсіз болуы; сүйек және бұлшықет жүйесінің дұрыс дамымауы; ауыр рюкзактар мен сөмкелерді бір иықта асып жүру; қозғалыстың аздығы және қозғалыссыз өмір салты; столда және мектеп партасында қисайып отыру; дұрыс тамақтанбау және дәрумендер жетіспеушілігі; омыртқа, жамбас, дененің төменгі бөлігінің жарақаттары.

Сколиоздың белгілері:

  • иықтардың біркелкі болмауы (бір жаққа қарай қисаюы);
  • бір жауырынның екінші жауырыннан жоғары болуы;
  • белдің біркелкі болмауы;
  • бір жамбастың екінші жамбастан жоғары болуы.

Сколиоздың алдын алу жолдары бойынша ата-аналарға мына кеңестерді ұсынамыз:

  1. Балаңыздың мүсінін, омыртқа жотасына күш түспеуін сәби кезінен қадағалаңыз.
  2. Балаңыздың жүріс-тұрысын, омыртқа жотасын түзу ұстауын, бойында көзге көрінетіндей қаңқа өзгерісі бар-жоғын қадағалаңыз;
    3. Баланың бір иығы екінші иығынан жоғары тұрған жоқ па, соған мән беріңіз;
    4. Сабақта партаның немесе компьютердің алдында отырғанда түзу отыру керектігін ескертіңіз, оқу кезінде денені дұрыс ұстау қажет;
  3. Ауыр жүк көтертпеңіз, мектепке баратын сөмкесі ауыр болмауы керек, бір жақ иығына емес, арқасына іліп жүретін сөмке алғандарыңыз абзал;
  4. Мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балалар үшін отыратын, сабақ оқитын үстелі мен орындығы бой – жас ерекшеліктеріне сәйкес болуы тиіс;
  5. Баланың дұрыс тамақтануы, ұйқыны жеткілікті мөлшерде ұйықтау және таңғы жаттығу жасау маңызды.

 

Дата публикации
25 марта 2021
Дата обновления
25 марта 2021
Тип

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
Медицинский осмотр
Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
Жарқын әсерлер мен бай тарих: Өзбекстанға ұмытылмас саяхат.
Пайдалы ақпарат
22 октября 2026
КОНДИТЕРЛІК ӨНІМДЕРДІ ТАҢБАЛАУДЫҢ МАҢЫЗЫ

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы