Далада, жұмыста және үйде біздің айналамызда қауіпті жұқпалы ауруларды тасымалдайтын көзге көрінбейтін «дұшпандар» мекен етеді: әр – түрлі жәндіктер және кеміргіштер. Бұл адамның денсауылығына үлкен қауіп төндіріп, психологиялық және эстетикалық мәндегі проблемма тудырады. Аталған «қонақтардан» кез – келген бөлмелерді қауіпсіздендіру үшін, алдымен ғимаратты жобалау немесе жөндеулер жүргізу барысында барлық қауіпсіздік шараларын ойластыру керек. Әр – түрлі жәндіктер және кеміргіштерге әр – түрлі күресу әдістері қолданылады.
Көптеген тұрғындар мұндай мәселемен өз бетінше күреседі, сауда – саттық нарығында жәндіктерді және кеміргіштерді жою мәселесін шешу үшін едәуір улы химикаттардың түр – түрін ұсынады. Улы химикаттарды сатып алу кезінде міндетті ақпараты бар таңбаламасына назар аударыңыз. Тауардың таңбаламасында келесі мәліметтер жазылуы тиіс:
Қазіргі уақытта заманауи улы химикаттық заттар адамдар мен жануарлар үшін аз токсинді. Бірақ элементарлық қауіпсіздік шараларын және жеке бас гигиенасын үнемі есте сақтау қажет.