Меню

Страницы

Статья

Алкоголь өнімдерінің таңбалауына қандай талаптар қойылған?

2021 жылы Еуразиялық экономикалық одақтың «Алкоголь өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламенті (ЕАЭО ТР 047/2018) күшіне енеді. Бұл техникалық регламент тағамдық алкоголь өнімінің еркін қозғалуын қамтамасыз ету үшін оның өндіру, сақтау, тасымалдау, өткізу, кәдеге жарату процестеріне, сондай-ақ таңбалау мен буып-түюге қойылатын талаптарды қарастырады.

Техникалық регламент келесі алкоголь өнімдеріне қолданылмайды: а) ЕАЭО мемлекеттерінің аумақтары арқылы транзитпен өтетін алкоголь өніміне; б) ғылыми мақсаттарда өндірілген алкоголь өніміне; в) жеке тұлғалардың сату мақсатында емес, жеке өзі пайдалану үшін өндірген алкоголь өніміне; г) ЕАЭО мемлекеттерінің аумақтарынан тыс жерлерге сыртқы сауда шарттары бойынша экспортқа жеткізілетін алкоголь өніміне; д) құрамында этил спирті бар өнімдер (қантты кондитерлік өнімдер, ұннан жасалған кондитерлік өнімдер, алкогольсіз/ашытылған сусындар, квастар, сүтқышқыл өнімдері, шикілей ысталған және шикілей пісірілген шұжықтар, этил спиртінің көлемдік үлесі 0,5%-дан аспайтын сыра және сыра сусындары, жүзім суслосы, қойылтылған жүзім суслосы, қойылтылған жеміс суслосы, түзетілген қойылтылған жүзім суслосы, бал суслосы, жеміс суслосы, табиғи хош иістендіргіш және жеміс немесе көкөніс заттары, оның ішінде концентрацияланған, этил спиртін еріткіш ретінде пайдаланбай алынған заттар).

Техникалық регламентке сәйкес алкоголь өнімдерін айналымға шығару кезінде ол қауіпсіз болуы тиіс. Алкоголь өнімінде адам денсаулығына қауіп төндіретін уытты заттардың, инфекциялық, паразиттік аурулар қоздырғыштарының, олардың токсиндерінің болуына жол берілмейді.

Алкоголь өнімін өткізу (сату) кезінде оған сәйкестік туралы декларация немесе мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (алкоголь өнімінің жаңа түрі үшін) қоса берілуге тиіс. Егер алкоголь өнімі техникалық регламенттің барлық талаптарына сәйкес келсе және оның сәйкестігін растайтын құжаттары болса, онда мұндай өнім ЕАС белгісімен таңбаланады.

Алкоголь өнімдерінің таңбалауына арналған бөлім ауқымды болып келеді. Таңбалау анық, шынайы және міндетті түрде мемлекеттік және орыс тілдерінде болуы тиіс.

Алкоголь өнімін таңбалауда келесі ақпарат болуы тиіс: өнімнің атауы; дайындаушының атауы және орналасқан жері (мемлекетті көрсете отырып) (заңды тұлғалардың мекен-жайы), халықтан шағымдарды қабылдайтын ұйым (бар болса), импорттаушы ұйым (үшінші мемлекеттерден әкелінетін алкоголь өнімі үшін); этил спиртінің көлемдік үлесі (күштілігі) (%-дық көлемі); тұтыну орамасындағы өнім көлемі (л, дм3, сл, мл, см3); қанттардың массалық концентрациясы (г/дм3, г/л, г/100 см3); құрамы; өндіру (құю, дайындау, ресімдеу) күні және жарамдылық мерзімі. Егер дайындаушы шектеусіз жарамдылық мерзімін орнатқан жағдайда: «Сақтау шарттары сақталған кезде жарамдылық мерзімі шектелмеген» деген жазба болуы тиіс; сақтау шарттары; пайдаланылған тағамдық қоспалардың атауы, ГМО бар компоненттердің бар-жоғы туралы ақпарат; өнімнің сәйкестігін бағалау туралы ақпарат (ЕАС белгісі); тұтыну орамасы көлеміндегі этил спиртінің құрамы туралы ақпарат (алкогольсіз сусындар үшін) болуы тиіс.

Алкоголь өнімінің түріне байланысты таңбалауда қосымша мәліметтер көрсетіледі, мысалы: сортты шараптар үшін - жүзім сорты, жемісті шараптар, жемісті шарап сусындары, жемісті сидрлер мен жемісті арақтар, жемісті бренди үшін – олар жасалған жемістердің түрі; тұрғызылған шараптар мен коллекциялық шараптар үшін – өнім алынған жыл, жоғары сапалы коллекциялық көпіршікті шараптар мен көпіршікті шараптар үшін ‒ таралымның айы мен жылы; жоғары сапалы көпіршікті шараптар үшін (көпіршікті жүзім шампан шараптары) – өндіру әдісі (классикалық немесе резервуарлық); коньяк, бренди, кальвадос, жемісті бренди, виски, ром үшін-дистилляттардың ұсталу мерзімі; сыра (сыра сусындары) негізінде дайындалатын сыра мен сусындар үшін - түрі, өңдеу тәсілі, сүзілмегені туралы мәліметтер, экстрактивтілік (пайызбен) (сыра үшін), шынайы сығындысы (пайызбен) (сыра сусындары үшін).

Алкогольді сусындардың таңбалауында міндетті түрде: «Алкогольді шектен тыс пайдалану Сіздің денсаулығыңызға зиян тигізеді» деген контрастты ескерту жазбасы болуы керек.

Қазақстан Республикасының аумағында сатылатын өнімдер үшін «Алкоголь 21 жасқа толмаған тұлғаларға, жүкті және бала емізетін әйелдерге, орталық жүйке жүйесі, бүйрек, бауыр және ас қорыту мүшелерінің аурулары бар тұлғаларға қарсы көрсетілген» деген жазу жазылады.

Алматы облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті алкоголь өнімі тәуелділік тудыратынын, онымен күресу қиын екенін және алкогольді шамадан тыс тұтыну денсаулыққа орны толмас зиян келтіретінін есте сақтауға кеңес береді. Бәрінен ең дұрысы - жаман әдеттерден бас тартып, дұрыс жолды таңдау, яғни салауатты өмір салтын ұстану қажет!

 

Дата публикации
19 марта 2021
Дата обновления
19 марта 2021
Тип

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
Медицинский осмотр
Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
Жарқын әсерлер мен бай тарих: Өзбекстанға ұмытылмас саяхат.
Пайдалы ақпарат
22 октября 2026
КОНДИТЕРЛІК ӨНІМДЕРДІ ТАҢБАЛАУДЫҢ МАҢЫЗЫ

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы