Меню

Страницы

Статья

Балалар ұйымдарында «Наурыз мейрамы» мерекесін өткізу кезінде тамақтан уланудың алдын алу

Қазақстан Республикасында, оның ішінде Алматы облысының аумағында COVID-19 коронавирустық инфекциясымен сырқаттанушылықтың күрделі эпидемиологиялық жағдайына байланысты және Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің қаулысын орындауда, адамдар көп жиналатын барлық бұқаралық мерекелік іс-шараларға, оның ішінде ертеңгіліктер өткізуге қатаң тыйым салынған.

Балалардың  тамақтан улануы ересектерге қарағанда әлдеқайда ауыр өтеді, бұл бала денесінің физиологиялық ерекшеліктерімен түсіндіріледі: асқазан сөлінің төмен қышқылдығы, ішек микрофлорасы қалыптасуының аяқталмауы, удың тез сіңуі және оның бүкіл денеге таралуы, бауырдың дезинтоксикациялық қабілеттілігі мен бүйректің сүзу функциясының салыстырмалы түрде төмендігі және т. б. Көбінесе ересек адамда улану белгілерін тудырмайтын бірдей өнімдер, балаларда тамақтан уланудың себебі болып табылады.

Осыған байланысты, Алматы облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті балалар мен жасөспірімдер арасындағы тәрбие және білім беру объектілерінде жұқпалы аурулар мен тамақтан уланудың пайда болуы мен таралуын болдырмау мақсатында әкімшілікке үй тамағын пайдалануға жол бермеуді ұсынады.

Айта кету керек, әр балабақша мен мектепте балаларға орталықтандырылған түрде таңғы ас пен түскі ас дайындалатын ас блогы бар, олармен бірге мәзірге ұлттық тағамдардың аздаған мөлшерін қосуды ұйымдастыру керек.

Құрметті ата-аналар  мен мұғалімдер, уланудан алдын-алудың  ең жақсы жолы – бұл хабардарлық пен қырағылық екенін ұмытпаңыз. Сондықтан Сіздерді,  мұқият болуға  және өз денсаулығыңыз бен   балаларымыздың  денсаулығына  құрметпен  қарауға  шақырамыз.

Дата публикации
17 марта 2021
Дата обновления
17 марта 2021
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
Медицинский осмотр
Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
Жарқын әсерлер мен бай тарих: Өзбекстанға ұмытылмас саяхат.
Пайдалы ақпарат
22 октября 2026
КОНДИТЕРЛІК ӨНІМДЕРДІ ТАҢБАЛАУДЫҢ МАҢЫЗЫ

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы