Көшеде, жұмыста және үйде біздің айналамызда көзге көрінбейтін «жаулар» жасырылады: түрлі жәндіктер және кеміргіштер, бұл адам денсаулығына өте қауіпті, сонымен қатар психологиялық және эстетикалық тұрғыдағы проблема.
Қазіргі уақытта ел бойынша күнделікті өмірде жәндіктерді жою арқылы тұрғындар арасында улану оқиғалары жиілеп кетті, ал кейбір жағдайларда олар өлімге алып келді.
Сіздер білетіндей дезинсекция бұл зиянды жәндіктерді (бүрге, тарақандар және т.б.) жою болып табылады. Кейбір кезде өрістерді өңдеуге арналған инсектицидтерді қолдану жағдайлары да бар.
Әр түрлі жәндіктермен және кеміргіштермен күресудің әр түрлі әдістері қолданылады. Солардың бірі ең тиімді әдіс ретінде – химиялық. Тұрмыстағы тіркелген улану жағдайларын талдау кезінде жәндіктерді жою үшін аэрозоль түріндегі заттардың қолданылғандығы және сақтық шаралардың сақталмағандығы анықталды.
Көптеген тұрғындар бұл проблемамен жеке күреседі, сауда базарында жәндіктерді және кеміргіштерді жою үшін улы химикаттардың көптеген түрлерін ұсынады. Улы химикаттарды сатып алғанда оның таңбалауына, пайдалану нұсқамаларына назар аударыңыз немесе осы қызмет түрін көрсететін ұйыммен келісім – шарт жасаңыз.
Барлық заттарды мұқият пайдаланбаған жағдайда терінің қызаруы, бөртпелер және қышу түрінде жергілікті аллергиялық реакцияны тудыратын тітіркендіргіш және токсикалық әсерлер беруі мүмкін. Улану кезінде жалпы әлсіздік, тұншығу, жөтел, жүрек айну, құсу, бас айналу сияқты белгілер пайда болады. Жоғарыда көрсетілген белгілер пайда болған жағдайда дәрігердің көмегіне жүгіну қажет.
Уланудың алдын алу үшін келесі қауіпсіздік ережелерін сақтау керек:
ЕСІҢІЗДЕ БОЛСЫН! Сіздің және жақындарыңыздың денсаулығы тек Сіздің қолыңызда.