Алматы облысы әкімдігімен бекітілген «Облыстың елді мекендерін көктемгі – күзгі санитарлық тазарту, абаттандыру және көгалдандыру екі айлығын өткізу туралы» 2021 жылғы 23 ақпандағы №68 қаулысына сәйкес 2021 жылдың 15 наурызынан бастап көктемгі санитариялық тазалық айлығы басталады.
Осыған байланысты, Алматы облысының санитариялық – эпидемиологиялық бақылау департаменті барлық облыс тұрғындарды өз үйлерінің аулалары мен үйдің жанындағы аумақтарды тазалауға және қоршаған ортаға құрметпен қарауға шақырады.
Тұрмыстық қалдықтардың жиналуы жануарлар мен кеміргіштердің тіршілік ету ортасы болып табылатындықтан жұқпалы және паразиттік аурулардың пайда болуы мен таралуына қауіп төндіреді.
Тазалық және қоршаған ортаға жанашырлық өзімізден басталады!