Меню

Страницы

Статья

Қашықтықтан оқыту кезінде көзге арналған жаттығулар

Көз – бұл әлемді толық зерттеуге және қабылдауға, сұлулықты тамашалауға және заманауи технологиялардан ләззат алуға мүмкіндік беретін көру органы. Заманауи технологиялар ғасырында гаджеттер, компьютерлер мектеп оқушыларын қызықтырады. Қашықтықтан оқытуды енгізумен балаларға компьютерде, телефонда, планшетте ұзақ уақыт өткізуге мәжбүр болды. Көру аппаратына жүктеме бірнеше есе өсті.

         Осыған байланысты, көз ауруларының алдын алу үшін ұзақ жүктемеден кейін бұлшықеттерді босаңсытуға, қан айналымын жақсартуға және бұлшықет талшықтарын нығайтуға көмектесетін жаттығуларды қолдану ұсынылады. Алдын алу жаттығулары үшін ешқандай қарсы көрсетілімдер жоқ және мұны балабақшадан бастап, оларды біртіндеп әдетке айналдыруға болады.

         Көзге арналған жаттығуларды күніне кемінде 2-3 рет орындау керек. Ұзақтығы 10 минуттан аспауы керек.  Барлық жаттығулар отырып ыңғайлы, қалыпта жағдайда жасалады және қосымша тренажерларды қажет етпейді. Тек ойын түрінде келесі жаттығуларды орындау керек:  

 

  1. Көзді қысу. Бала 3-4 секунд ішінде көздерін қатты қысады. Содан кейін оларды сол уақыт аралығына ашады. Бұл бұлшықетті күшейте отырып, босаңсыту әсері бар.
  2. Жыпылықтату. Бала қабақтың бұлшық еттерін қыспай, жеңіл, тез жыпылықтатады. Ұзақтығы 1 минутқа дейін. Қан айналымы жақсарады.
  3. Еден-төбе. Басты бұрмай, төмен-жоғары қараймыз.
  4. Сағаттар. Баяу түрде, басты бұрмай, алдымен сағат тілімен, содан кейін қарсы бағытта шеңбер жасаймыз.
  5. Алыс-жақын. Жаттығуды бөлмеде, көшеде немесе терезеде жасауға болады. Ең алыс зат таңдалады және балаға оны 10-15 секунд ішінде мұқият қарау ұсынылады, содан кейін көзді өте жақын затқа аудару керек.
  6. Қабақтың массажы. Ақырын, саусақтарыңызбен жоғарғы қабақты ішкі жағынан сыртқы жиекке, ал төменгі жағын керісінше уқалаңыз. Орындау уақыты 1 минуттан аспайды.
Дата публикации
11 марта 2021
Дата обновления
11 марта 2021
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
Медицинский осмотр
Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
Жарқын әсерлер мен бай тарих: Өзбекстанға ұмытылмас саяхат.
Пайдалы ақпарат
22 октября 2026
КОНДИТЕРЛІК ӨНІМДЕРДІ ТАҢБАЛАУДЫҢ МАҢЫЗЫ

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы