Алматы облысында коронавирусқа қарсы вакцинация 1 ақпанда басталды, бірінші компонентпен барлығы 1450 медицина қызметкері қамтылды, оның ішінде 21 күннен кейін екінші компонентпен 847 адам егілді.
Коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинация 2 наурыздан бастап жалғасуда, вакцинациямен медицина қызметкерлері, мұғалімдер және күш құрылымдарының қызметкерлері қамтылады. Барлық медициналық ұйымдарда егу кабинеттері ұйымдастырылған, "суық тізбекті" сақтау үшін жағдайлар жасалған. Қарағанды фармацевтикалық кешенінің базасында өндірілген "Гам-КОВИД-Вак" вакцинасын қолдана отырып, 9900 адамды вакцинациялау жоспарлануда.
03 наурызда бірінші компонентпен барлығы 367 медицина қызметкері мен 13 мұғалім егілді.