Меню

Страницы

Статья

Коронавирустық алкоголді тәуелділік

Қазақстан Республикасы Орталық Азия елдері арасында 15 жастан бастап  алкогольді тұтыну көрсеткіші бойынша бірінші, сондай-ақ Біріккен Ұлттар ұйымының деректеріне сәйкес алкогольдік өлім-жітім деңгейі ең жоғары елдер рейтингінде 10-шы орынды алады. Ал, Energyprom.kz мониторинг агенттігінің мәліметтері бойынша 2020 жылы арақ және ликер-арақ өнімдері алдыңғы жылдарға қарағанда 20% - ға артық сатылған. Бір жыл ішінде ішкі нарықта тұтыну 21,5% - ға өскен (қаңтар-қараша 35,7 млн.литрге дейін) екен. Бұл коронакризис кезеңінде қазақстандықтардың алкогольді ішімдіктерді көбірек қолдануын көрсетеді. Бұған себеп WhatsApp және басқа да әлеуметтік желілерден таралған "Алкоголь ағзаны әртүрлі вирустардан қорғайды" деген "кеңестер" шығар.

Былтырғы жылы емдеу-алдын алу ұйымдарының деректері бойынша облыста спирттік ішімдіктерді шектен тыс пайдалану салдарынан 14 өлім-жітім жағдайы тіркелген.

Осындай қайғылы жағдайлардан сақтану үшін, өз жағымыздан дәрігерлердің кеңестерін ұстануға шақырамыз. Өйткені,  басы –«вирустан қорғану болса», ал соңы - емделуі қиын маскүнемділік. Алкоголь вирустан қорғайды деген сөзді жоққа шығаратын бірнеше дәлелдерге құлақ асыңыз:

      1) алкоголь бауырдың, асқазанның, ағзадағы зат алмасу жүйесінің функцияларын және басқа да функцияларды бұза отырып, орталық жүйке жүйесіне және мидың қызметіне теріс әсер етеді;

      2) оны үзбей қолдану қанның ұюын және ми тамырларының бітелуін тудырады, осындай асқынуларды COVID-19 да шақырады, ал бұл науқастың жағдайын мүлде ушықтырады;

     3) ағзаның иммундық жүйесін әлсіретеді, жұқпалы ауруларға төзімділік төмендейді, инфекцияны жұқтыру қаупі артады. 

Маскүнемділік емделуі қиын, науқастың өзіне, оның отбасы,  жақындарына және қоғамға тигізетін зардабы зор дерт екені бәрімізге мәлім. Қазіргі таңда ер азаматтардан басқа, қоғамның маңызды проблемасы – жасөспірімдердің, әйел азаматтардың ішімдікке салынуы. Жас ұрпақ біздің болашағымыз, әйел адам - отбасының ұйытқысы - Ана. Онда осы бір  маңызы зор  түсініктерге көбірек көңіл бөліп, ішімдіктен бас тартайық!

 

Дата публикации
02 марта 2021
Дата обновления
02 марта 2021
Тип

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
Медицинский осмотр
Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
Жарқын әсерлер мен бай тарих: Өзбекстанға ұмытылмас саяхат.
Пайдалы ақпарат
22 октября 2026
КОНДИТЕРЛІК ӨНІМДЕРДІ ТАҢБАЛАУДЫҢ МАҢЫЗЫ

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы