Меню

Страницы

Статья

Органикалық өнім туралы не білу керек?

Салауатты өмір салты үшін «эко», «био», «органикалық» сияқты көптеген атаулары бар өнімдердің танымалдығы сұранысқа ие болып келеді.
   Органикалық өнім дегеніміз не? Қазақстан Республикасында 2016 жылдың ортасынан бастап топырақты ұтымды пайдалануды қамтамасыз етуге, дұрыс тамақтануды қалыптастыруға және қоршаған ортаны қорғауға жәрдемдесуге бағытталған органикалық өнім өндірісінің құқықтық, экономикалық, әлеуметтік және ұйымдастырушылық негіздерін айқындайтын «Органикалық өнім өндірісі туралы» Заң (бұдан әрі - Заң) қолданылады.
   Заңға сәйкес, органикалық өнім – бұл Заң талаптарына сәйкес өндірілген ауыл шаруашылығы өнімдері, акваөсіру және балық аулау өнімдері, жабайы өсімдіктерден жасалған өнімдер және оларды қайта өңдеу өнімдері, оның ішінде тамақ өнімдері.
   Органикалық өнім синтетикалық заттарды, пестицидтерді, гормондарды, антибиотиктерді және тағамдық қоспаларды (органикалық өнімдерді өндіру және олардың айналымы ережесінде көзделген ерекшеліктерден басқа), минералды азот тыңайтқыштарын, өсуді синтетикалық реттегіштерді, синтетикалық бояғыштарды, генетикалық түрлендірілген объектілерді, иондаушы сәулелерді, топырақты пайдаланбай өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру әдістерін, жабайы өсетін өсімдіктерді өңдеудің химиялық әдістерін қолданбай және пайдаланбай өндірілуі тиіс.
   Органикалық өнімді қайта өңдеу кезінде технологиялық немесе зоотехникалық қажеттілік жағдайында не диеталық мақсаттар үшін пайдаланылуы талап етілетін тағамдық қоспаларды, жемшөп қоспаларын қолдануға жол беріледі. Тамақ өнімдеріне ерекше қоректік қасиеттер беру қажет болған жағдайда, қоспаларды, технологиялық қоспаларды, хош иістендіргіштерді, суды, тұзды, микроорганизмдер мен ферменттер негізіндегі құрамды, минералдарды, микроэлементтерді, дәрумендерді, сондай-ақ табиғи көздерден алынған амин қышқылдары мен басқа да тағамдық микроэлементтерді пайдалануға жол беріледі.
   Заңнамада ауыл шаруашылық текті органикалық ингредиенттерді қайта өңдеу кезінде пайдалануға рұқсат етілген заттар мен өнімдердің тізімі көзделген.

Органикалық өнімдерді өндіру кезінде дені сау жануарлар мен өсімдіктер, жануарлардан және өсімдіктерден алынатын қауіпсіз өнімдер мен шикізат пайдаланылуы тиіс.
   Органикалық өнім нарыққа айналымға шығарар алдында сәйкестікті растау бағалауынан өтуі тиіс, яғни сәйкестік сертификаты болуы тиіс. Мұндай өнімге органикалық өнімнің ұлттық сәйкестік белгісі қойылады.
   Органикалық өнімді таңбалау анық, түсінікті, шынайы болуға тиіс және техникалық регламенттерде көзделген міндетті ақпараттан басқа қосымша мәліметтер болуға тиіс:
- өнім құрамындағы ауыл шаруашылық шикізат материалдарының өндірілген орны туралы ақпарат;
- органикалық өнімнің өндірушісіне инспекция жүргізген ұйымның атауы;
- органикалық өнімнің ұлттық сәйкестік белгісі.
   Органикалық өнімді таңбалау кезінде мынадай белгілер пайдаланылуы мүмкін: «органик», «органикалық», «organic», «organik».
   Біздің және болашақ ұрпақтың денсаулығы бәрінен де қымбат! Және сол себепті, өз таңдауыңызды органикалық өнімге беріңіз.

Дата публикации
26 февраля 2021
Дата обновления
26 февраля 2021
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
Медицинский осмотр
Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
Жарқын әсерлер мен бай тарих: Өзбекстанға ұмытылмас саяхат.
Пайдалы ақпарат
22 октября 2026
КОНДИТЕРЛІК ӨНІМДЕРДІ ТАҢБАЛАУДЫҢ МАҢЫЗЫ

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы