Меню

Страницы

Статья

Алматы облысындағы мектептерде карантиндік шаралардың сақталуы туралы

Алматы облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына сәйкес 2021 жылғы 11 қаңтардан бастап:
- контигенті 300 оқушыға дейін қалалық және ауылдық мектептерде сыныптардағы балалар саны 15 адамға дейін дәстүрлі форматта;
- сыныптарды 15 баладан асырмай жинақтауды сақтай отырып, ата-аналардың өтініші бойынша жалпы білім беретін мектептерде 1-ден 5 сыныпқа дейін қоса алғанда кезекші сыныптарда оқытуға;
- оқу бітіретін сыныптар (9,11 (12) үшін аптаның 6 күні ішінде аралас оқытуға рұқсат берілген.
   Облыста жалпы білім беретін 765 мектеп бар. Қазіргі уақытта 300 орынға дейінгі 277 мектепте 30293 оқушы дәстүрлі форматта, 488 мектепте қашықтықтан 287307 оқушы, кезекші сыныптарда және оқу бітіретін сыныптарда аралас оқытуда 115447 оқушы білім алуда.
     Жыл басынан оқушылар арасында коронавирустық инфекцияның 420 жағдайы тіркелді, оның ішінде 29 оффлайн, 391 онлайн режимінде.
   2021 жылдың қаңтар айынан бастап 45 мектеп тексерумен қамтылған. Оның ішінде шектеу іс-шаралары, карантин кезеңінде қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталмауы 9 мектепте анықталды:
- Талғар, Ұйғыр, Кербұлақ аудандарының мектептерінде үй-жайларды ылғалды жинауды және дезинфекциялауды жүргізудің бұзылуы;
- Көксу, Алакөл аудандарының мектептерінде пайдаланылған маскаларды сақтау, жою талаптарының орындалмауы және маска режимін сақтамау анықталды.
   Анықталған бұзушылықтар бойынша жауапты тұлғаларға әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, бұзушылықтарды жою туралы ұйғарымдар берілді және түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
   Мектептерде шектеу іс-шаралары, карантин кезеңінде қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтамау оқушылар мен мұғалімдер арасында коронавирустық жұқпаның жаппай таралуына алып келуі мүмкін. Сондықтан, білім беру объектілерінде карантин кезеңінде қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтауды сұраймыз.

Дата публикации
25 февраля 2021
Дата обновления
26 февраля 2021
Тип

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
Медицинский осмотр
Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
Жарқын әсерлер мен бай тарих: Өзбекстанға ұмытылмас саяхат.
Пайдалы ақпарат
22 октября 2026
КОНДИТЕРЛІК ӨНІМДЕРДІ ТАҢБАЛАУДЫҢ МАҢЫЗЫ

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы