Халықтың денсаулық жағдайы және адамның өмір сүру ортасы көбінесе қоршаған ортаның жағдайына байланысты. Осыған байланысты облыстың санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органдары тұрақты негізде елді мекендердің ауыз су жүйесіне, су айдындарына, атмосфералық ауаның және топырақтың жағдайына санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг жүргізеді.
Атмосфералық ауаның жай – күйіне мониторинг ірі өнеркәсіптік кәсіпорындары бар елді мекендерде, автомобиль көлігінің үлкен ағыны жүріп жатқан облыстық және Республикалық маңызы бар автомагистральдарда жүргізілді. Атмосфералық ауаға барлығы 3741 өлшем жүргізіліп, оның ішіндегі 78 (2,1%) зерттеулерінде ластаушы заттардың шекті рұқсат етілген концентрациясынан артуы келесі елді мекендерде тіркелді: Талдықорған қаласы (бензин буы), Іле ауданы (күйе, азот диоксиді), Қапшағай қаласы (азот диоксиді, көміртегі тотығы, аммиак), Текелі қаласы (күкірт сутегі, азот диоксиді, озон, күйе, қорғасын). Жүргізілген мониторингтің нәтижелері бойынша өнеркәсіптік кәсіпорындардың шаруашылық жүргізу субъектілеріне шығарындыларды азайту және елді мекеннің аумағындағы атмосфералық ауаның жай-күйін жақсарту бойынша тиісті шаралар қабылдау керектігі туралы хаттар жіберілді. Сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдарға да басқару шараларын қабылдау үшін ақпараттар жолданды.
Ауыз сумен жабдықтау көзі ретінде пайдаланылатын 1 санаттағы су қоймаларынан 298 су сынамасы зерттелді, оның 2 (0,67%) микробиологиялық, 3 (1,0%) санитариялық-химиялық көрсеткіштері бойынша санитариялық талаптарға сәйкес келмеді. Сондай-ақ, зертханалық мониторинг жаппай демалу үшін пайдаланылатын және елді мекендердің ішінде орналасқан 2 санаттағы су айдындарында жүргізілді. Барлығы 357 су сынамасы зерттеліп, оның ішінде 4 (1,1%) микробиологиялық, 5 (1,4%) санитариялық-химиялық көрсеткіштері бойынша санитариялық қағидалар талаптарына сәйкес келмеді. Мониторингтің деректерін 2019 жылмен салыстырғанда 2020 жылы су объектілерінің жай-күйі жақсарған. Алайда, су объектілеріндегі судың сапасына әсер ететін көктемгі – күзгі кезеңдердегі нөсерлі жауын-шашынның, қардың еруі және өзендердің бассейндерінде топырақтың батпақтануы салдарынан көшкіндер мен сел шығарындыларының жүруі сияқты- табиғи фактор проблемасы сақталуда.
Топырақтың жай – күйіне жүргізілген мониторингтің нәтижесі (санитариялық-химиялық көрсеткіштерге 127 сынама, микробиологиялық көрсеткіштерге 142 сынама, паразитологиялық көрсеткіштерге 131 сынама) есепті және 2019 жылы ластаушы факторларды анықтамады.
Елді мекендердің орталықтандырылған ауыз сумен жабдықтау жүйелерінен мониторинг аясында 1266 су сынамасына зерттеулер жүргізілді, оның ішінде 89 сынама (7%) санитариялық – химиялық және 63 сынама (5%) микробиологиялық көрсеткіштері бойынша санитариялық қағидалар талаптарына сәйкес келмеді (2019 жылы тиісінше 2% және 4%).
Орталықтандырылған ауыз сумен жабдықтау жүйелеріндегі судың сапасына тозығы жеткен сумен жабдықтау желілерінде құбырлардың жарылуы әсер етті. Осыған байланысты, аудан әкімдерінің алдында сумен жабдықтау объектілерінің санитариялық-техникалық жай-күйін және ауыз судың сапасын жақсарту бойынша басқарушылық шараларды қолдана отырып проблемаларды шешу мәселелері көтерілді.
Өз кезегінде, біз тұрғындарымызды қоршаған ортаға ұқыпты қарауға, демалған жерде қоқыс қалдырмауға, өртемеуге, өзен арнасына және арықтарға тастамауға, оларды өзімен бірге алып, арнайы қоқыс тастау және кәдеге жарату орындарында жинауға шақырамыз.
Болашақ ұрпақтарымыз таза ауа, топырақ және су үшін бізге алғыс білдіруілері үшін, бүгіннен және қазірден бастап қоршаған ортаны сақтайық!