Меню

Страницы

Статья

Электромагниттік өрістердің адам денсаулығына әсері және олардың зиянды әсерінен қорғау әдістері. Бүгінгі таңда бірде-бір адам тұрмыстық техникасыз, ұялы телефондарсыз, теледидарлар мен компьютерлерсіз жүре алмайды. Біз оларға үйреніп қалдық және кез-келген электрлік құрылғының айналасында электромагниттік өріс пайда болады деп ойламаймыз. Ол көрінбейді, бірақ кез-келген тірі ағзаларға, оның ішінде адамға да әсер етеді. Дербес компьютерлер үйдегі ең маңызды нәрселердің біріне айналды. Электромагниттік сәулеленудің көзі болып табылатын монитордың сәулеленуі ең қауіпті деп саналады. Бірақ, 5-7 жыл бұрын шығарылған ескі мониторлар ғана қауіпті болуы мүмкін. Олар төмен жиіліктегі электромагниттік сәулелену көздері болып саналады, бірақ басқа электр құрылғыларынан артық емес. Микротолқынды пештер өзінің зиянды әсері бойынша компьютерлермен бірдей деңгейде. Микротолқынды пештің жұмысы кезінде қоршаған кеңістікте төмен жиілікті сәулелер 1,5-2 метр қашықтықта таралады. Бүгінде, смартфондар мен планшеттер біздің қолдан ажырамайды. Электромагниттік өрістер адамдарға әсерін тигізеді. Электромагниттік өрістердің өте ұзақ, тұрақты және жоғары деңгейде әсер етуі келесіге әкелуі мүмкін: қатты шаршау, ұйқының бұзылуы, бас ауруы, қысымның төмендеуі, пульс жиілігінің төмендеуі, орталық жүйке жүйесі ауруларының дамуы, аллергиялық реакциялар. Электромагниттік өрістің әсерін толығымен жою мүмкін емес, бірақ, адамның ағзасына әсер ету деңгейін азайтуға болады, егер бірнеше қарапайым ұсыныстарды орындаса: - Компьютерлермен жұмыс жасау кезінде уақыт пен қашықтықты сақтау, яғни компьютерде жұмыс істеу уақыты неғұрлым аз болса, оның әсері соғұрлым аз болады. Монитордан қашықтық алыс болса, электромагниттік өрістің әсер ету күші аз болады; - Үйде демалуға арналған жиһаздың электр құрылғыларынан 2-3 м қашықтықта орналасуын қамтамасыз ету; - Тұрмыстық техниканы сатып алу кезінде құрылғылардың санитарлық талаптарға сәйкестігі туралы ақпаратқа назар аударыңыз; - Қуаттылығы аз құрылғыларды қолданыңыз; - Ұялы телефондарды денеге жақын ұстамаңыз және ұйықтаған кезде оны жастықтың астына ешқашан қоймаңыз. Дендеріңіз сау болсын және жақындарыңызды сақтаңыздар!

Дата публикации
04 ноября 2020
Дата обновления
04 ноября 2020
Тип

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
Медицинский осмотр
Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
Жарқын әсерлер мен бай тарих: Өзбекстанға ұмытылмас саяхат.
Пайдалы ақпарат
22 октября 2026
КОНДИТЕРЛІК ӨНІМДЕРДІ ТАҢБАЛАУДЫҢ МАҢЫЗЫ

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы