Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы
Қазақстанда соңғы жылдары жүйелі реформалар мен қоғамдық сананы жаңғыртуға бағытталған ауқымды өзгерістер қарқын алды. Осы өзгерістердің өзегінде мемлекет пен қоғамның өзара сенімін нығайту, әділеттілік қағидаттарын орнықтыру тұр. Кез келген өркениетті мемлекеттің дамуына балта шабатын басты қауіптердің бірі – сыбайлас жемқорлық. Бұл жағымсыз құбылыс экономикалық өсімді тежеп қана қоймай, қоғамдағы әділдік қағидаттарына сызат түсіреді. Осы орайда, тек жазалау шараларымен шектелмей, сыбайлас жемқорлықтың тамырына балта шабатын түбегейлі өзгерістер қажет болды. Бұл бағыттағы стратегиялық бағдарламалардың маңыздысы – Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы.
Құжаттың ауқымы тұтас қоғамдық институттарды, экономикалық бағыттарды және әлеуметтік сананы қамтитын кешенді өзгерістерді көздейді. Құжаттың басты мақсаты – сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оның пайда болу себептері мен жағдайларын түп-тамырымен жою, сондай-ақ қоғамда «парақорлыққа төзбеушілік» мәдениетін қалыптастыру.
Құжатта көзделген маңызды басымдықтардың қатарына мыналар кіреді:
Атқарылып жатқан жұмыстардың нақты нәтижелері көріне бастады. Бүгінде мемлекеттік қызмет көрсету саласы автоматтандырылды. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жасау жүйесі кеңейіп, құқық бұзушылықтардың алдын алу шаралары күшейтілді.
Дегенмен, бұл күрес тек мемлекеттік аппараттың немесе арнайы ведомстволардың ғана міндеті емес. Бұл – әрбір саналы азаматтың ортақ ісі. 2022-2026 жылдарға арналған бұл Тұжырымдама әрбір азаматтың құқығы қорғалатын, мүмкіндіктері тең және заң үстемдігі орнаған әділ қоғам құрудың берік іргетасы.
Әділетті Қазақстанды құру жолындағы бұл ортақ іс әрқайсымыздан жауапкершілікті, белсенді азаматтық ұстанымды және адалдықты талап етеді. Қоғамдағы әрбір адам заңды құрметтеп, адал еңбекті бағалап, сыбайлас жемқорлық көріністеріне немқұрайлы қарамайтын болса ғана түбегейлі бетбұрыс жасауға болады. Заң мен тәртіп үстем еткен ортада ғана ел экономикасы қарқынды дамып, халықтың әл-ауқаты арта түспек.
Алматы облысының
Санитарлық-эпидемиологиялық
Департамент басшының орынбасары,
Әдеп жөніндегі уәкіл Г. Аманова