Меню

Страницы

Статья

Оба туралы не білуіміз керек?

Оба туралы не білуіміз керек?

Оба (лат. pestіs) — Yersinia pestis (оба таяқшасы) бактериясы қоздыратын жедел зоонозды жұқпалы ауру. Табиғатта ауру қоздырғышының негізгі көзі мен тасымалдаушысы — кеміргіштер (суырлар, құмтышқандар, егеуқұйрықтар) және оларда мекендейтін бүргелер.

    Аурудың жұғу жолдары

Трансмиссивті: Ауру жұқтырған бүргелер мен кенелердің шағуы арқылы.

Жанасу жолы: Ауырған малды (әсіресе түйені) сою, етін бөлшектеу немесе терісін сыпыру кезінде.

Ауалы-тамшылы: Өкпе обасымен ауыратын науқаспен сөйлескенде, жөтелгенде не түшкіргенде.

Алиментарлық: Инфекция жұққан тағамды немесе суды пайдаланғанда.

Аурудың түрлері
-  Бубонды оба: Ең көп таралған түрі. Қолтық, мойын немесе шап аймағындағы лимфа түйіндері ісіп, "бубон" деп аталатын түйін пайда болады.

  • Пневмониялық (өкпелік) оба: Ең қауіпті әрі тез тарайтын түрі. Тікелей өкпеге әсер етіп, тыныс алуды қиындатады. Адамнан адамға ауа-тамшылы жолмен өтеді.
  • Септикалық оба: Бактериялар қанға еніп, бүкіл ағзаға тарайды, сепсиске әкеліп соқтырады.

         Алғашқы белгілері
Аурудың жасырын кезеңі бірнеше сағаттан 6 тәулікке дейін созылады. Кенеттен қатты қалтырау. Дене қызуының кенеттен 39-40 градусқа дейін көтерілуі. Бас ауруы, әлсіздік, жүрек айнуы мен құсу.

 Емі және алдын алу шаралары

Дәрі-дәрмек: Бактериялық ауру болғандықтан, емдеуде антибиотиктер қолданылады. Егер емді уақытында бастамаса, өлімге әкелуі мүмкін.

         Қазақстандағы жағдай: Еліміздің (әсіресе Қызылорда, Ақтөбе облыстарының) кейбір аймақтары обаның табиғи ошағы болып саналады. Сол себепті облыстарда жыл сайын арнайы Обаға қарсы күрес станциялары мониторинг жүргізіп, құмтышқан іңдеріне дезинсекция, елді мекендерде дератизация, инфекция ошақтарын дезинфекциялау, медицина қызметкерлерін ауруды диагностикалау, клиникасы, емдеу, алдын алу бойынша дайындау, халық арасында санитарлық- ағарту жұмыстарын жүргізеді.

        Оба ауруынан сақтану үшін:

  • Кеміргіштердің індеріне жақындамаңыз;
  • Далада жалаң аяқ жүрмеңіз және жерге тікелей жатпаңыз (бүрге шағуынан қорғану үшін);
  • Белгісіз себеппен өлген жануарлардың немесе суырлардың өлексесіне жоламаңыз;
  • Ауырған түйелерді малдәрігерлік тексеруден кейін ғана сойып, жіліктеуге болады;
  • Кеміргіштер ауланатын аймақтарда заңсыз аңшылықпен айналыспаңыз.

         Оба ауруының алдын алудың тағы бір маңызды шарасы - вакцинация. Обаға қарсы вакцинациялаумен қамтылатынған адамдар тобы: обаға қарсы бөлімшенің мамандары, медицина қызметкерлері, ветеринария қызметкерлері, малшылар, орман-шаруашылық жұмысшылары, аңшылар, табиғи ошақта өмір сүретін елді-мекен тұрғындары.

         Оба ауруынан сақ болыңыздар! Алдын алу – ең жақсы қорғаныс!

Дата публикации
13 июля 2026
Дата обновления
13 июля 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
Медицинский осмотр
Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
Жарқын әсерлер мен бай тарих: Өзбекстанға ұмытылмас саяхат.
Пайдалы ақпарат
22 октября 2026
КОНДИТЕРЛІК ӨНІМДЕРДІ ТАҢБАЛАУДЫҢ МАҢЫЗЫ

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы