Меню

Страницы

Статья

Балалардың сауықтыру лагерьлерінде Медициналық қызметке лицензия (оған қосымшалар) алу тәртібі

1-сұрақ:
Жазғы сауықтыру лагерьлерінде медициналық қызметке лицензияны рәсімдеу үшін санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алу қажет пе?

 

Жауап:
Иә. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алғанға дейін мәлімделген медициналық қызметтің кіші түрлері бойынша үй-жайға санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының болуы міндетті. Санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыда өндірістік база және лицензияға қосымша алу үшін мәлімделген барлық мамандықтар көрсетіледі (эпидемиологиялық маңызы жоғары объектілер үшін).

 

2-сұрақ:
Жазғы сауықтыру лагерьлері үшін лицензия алуға өтініш қандай порталдар арқылы беріледі және лицензиялаушы орган қайсы?

Жауап:
Өтініш eGov.kz электрондық үкімет веб-порталы және eLicense.kz электрондық лицензиялау порталы арқылы беріледі.

Лицензиялаушы орган болып Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің тиісті өңір бойынша аумақтық департаменті табылады.

 

3-сұрақ:
Қызмет көрсетуші мемлекеттік ақпараттық жүйелер арқылы қандай мәліметтерді өздігінен алады және мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері қандай?

Жауап:
Қызмет көрсетуші тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден, «электрондық үкімет» шлюзі (ЭҮШ) және цифрлық құжаттар сервисі арқылы келесі мәліметтерді алады:

  • жеке басын куәландыратын құжаттар туралы;
  • көрсетілетін қызметті алушының заңды тұлға немесе жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы;
  • медициналық қызметке лицензияның және иондаушы сәулелену тудыратын аспаптар мен қондырғыларды пайдалануға арналған лицензияның (тиісті объектіге лицензияға қосымшаның) болуы туралы (қажет болған жағдайда);
  • меншік құқығын немесе жалдау шартының, жылжымайтын мүлікті өтеусіз пайдалану шартының (ссуда), мүлікті сенімгерлік басқару шартының немесе мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының болуын растайтын мәліметтер (ЭҮШ-де мәліметтер болған жағдайда);
  • лицензиялық алым сомасының төленгені туралы мәліметтер (оның ішінде лицензияны қайта ресімдеу немесе лицензияның (оған қосымшаның) телнұсқасын алу жағдайларында), төлем шлюзі, екінші деңгейлі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы төленген;
  • жылжымайтын мүлік объектісінің тіркелуі туралы;
  • 2015 жылдан кейін оқуын аяқтаған көрсетілетін қызметті алушылар үшін жоғары медициналық білімнің болуы туралы;
  • 2015 жылдан кейін оқуын аяқтаған көрсетілетін қызметті алушылар үшін орта (техникалық және кәсіптік), орта білімнен кейінгі медициналық білімнің болуы туралы;
  • білім туралы құжаттарды алғаннан кейін аты, әкесінің аты (бар болса), тегі өзгерген үміткерлер үшін атының, әкесінің атының (бар болса), тегінің өзгеруі немесе неке қию (ерлі-зайыптылық) не некені бұзу туралы;
  • мәлімделген мамандық бойынша қолданыстағы маман сертификатының болуы туралы;
  • Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес мәлімделген қызмет кіші түрлері бойынша қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжат туралы (ЭҮШ-де қызметкерлердің профилі және еңбек шарттарын есепке алу туралы мәліметтер болған жағдайда);
  • медициналық қызмет жүзеге асырылатын үй-жайға (ғимаратқа) (өндірістік базаға) санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының болуы туралы (ЭҮШ-де мәліметтер болған жағдайда).

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері құжаттар топтамасы порталға тапсырылған сәттен бастап:

  • лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде – 13 (он үш) жұмыс күні;
  • лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде – 3 (үш) жұмыс күні;
  • қағаз нысанда берілген лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны жоғалту немесе бүлдіру жағдайында телнұсқасын беру кезінде – 2 (екі) жұмыс күні.

 

4-сұрақ:
Лицензия берілгенге дейін лагерьге тексеру жүргізіле ме және лицензия қандай мекенжай бойынша рәсімделеді?

Жауап:
Иә. Лицензия берілгенге дейін Қазақстан Республикасының «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңының 51-бабына сәйкес медициналық қызметті жүзеге асыруға мәлімделген өндірістік базада рұқсат беру бақылауы жүргізіледі.

Лицензияны (оған қосымшаны) беру лагерьдің тіркелген жері бойынша жүзеге асырылады, ал лицензияға қосымшада медициналық көмек көрсетілетін нақты мекенжай көрсетіледі.

 

5-сұрақ:
Лагерьдің медициналық пунктінде қандай жабдықтар болуы тиіс?

Жауап:
Лагерьлердегі медициналық пункт жүргізілетін манипуляцияларды ескере отырып жабдықталады. Атап айтқанда: кушетка, стационарлық бактерицидтік сәулелендіргіш, медициналық термометр, тонометр, фонендоскоп, медициналық шпатель, пульсоксиметр, қандағы глюкоза деңгейін жедел анықтайтын экспресс-анализатор (қажет болған жағдайда), шокқа қарсы жинақ болуы қажет.

 

6-сұрақ:
Балалардың жазғы демалысы мен сауықтыруын ұйымдастыратын кәсіпкерлік субъектілері медициналық қызметке лицензияны өздері алуы тиіс пе, әлде лицензиясы бар үшінші тұлғамен шарт жасасу жеткілікті ме?

Жауап:
Егер лагерь жеке кәсіпкердің ұйымдық-құқықтық нысанында рәсімделсе, онда Кодекстің 63-бабына сәйкес медициналық қызметке лицензия (оған қосымша) жеке медициналық практикамен айналысу үшін жеке тұлғаға рәсімделеді. Мұндай жағдайда жеке кәсіпкер Кодекстің 27-бабына сәйкес кемінде 5 жыл еңбек өтілі бар сертификатталған медицина қызметкері болуы тиіс.

Егер лагерь заңды тұлғаның ұйымдық-құқықтық нысанында (ЖШС, АҚ, ҚБ және т.б.) рәсімделсе, онда Кодекстің 63-бабына сәйкес медициналық қызметке лицензия (оған қосымша) штаттағы медицина қызметкері бар заңды тұлғаға рәсімделеді. Бұл ретте басшыға медициналық білімінің болуы бойынша талаптар қойылмайды.

 

Осы түсіндірмелер Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті төрағасының бұйрығымен бекітілген 2026 жылғы 19 наурыздағы №177-НҚ «Лагерьлерге медициналық қызметке лицензияны (оған қосымшаларды) алу тәртібі туралы әдістемелік ұсынымдар» негізінде дайындалды.

Дата публикации
12 мая 2026
Дата обновления
12 мая 2026
Тип
Жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
Медицинский осмотр
Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
Жарқын әсерлер мен бай тарих: Өзбекстанға ұмытылмас саяхат.
Пайдалы ақпарат
22 октября 2026
КОНДИТЕРЛІК ӨНІМДЕРДІ ТАҢБАЛАУДЫҢ МАҢЫЗЫ

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы