Жаздың келуімен халық арасында демалыс орындары мен базаларына бару, су айдындарында, аквапарктер мен ашық бассейндерде шомылу танымал бола бастайды. Бірақ демалысты аурухана төсегіне таңылмайтындай етіп қалай өткізуге болады?
Ең алдымен, орындарды дұрыс таңдау, сондай-ақ денсаулыққа төнетін қауіп-қатерлерді түсіну маңызды.
Демалысты адамдар көп жиналатын жерлерде өткізетіндіктен, ластанған су айдындары мен бассейндерде шомылу, сапасыз ауыз суды, тағамдар мен сусындарды тұтыну кезінде берілетін инфекциялық және паразиттік ауруларды жұқтыру қаупі сақталады.
Ластанған су арқылы ішек инфекциялары (ротавирус, дизентерия, сальмонеллез, лептоспироз), вирустық инфекциялар (А гепатиті, энтеровирустық инфекциялар) беріледі. Ал құммен жанасу арқылы паразиттік ауруларды (лямблиоз, токсокароз, церкариоз немесе «шомылушылар қышымасы») жұқтыру мүмкін. Бассейндер мен сауналарда тері инфекциялары мен саңырауқұлақтар: табан микозы, вирустық сүйелдер, контагиозды моллюск, сондай-ақ шырышты қабық инфекциялары (коньюнктивит, отит, урогениталды инфекциялар) қауіпті.
Жұқтырмау үшін қарапайым жеке гигиена ережелерін сақтау қажет:
Егер шомылудан кейін дене қызуы көтерілсе, диарея басталса немесе бөртпе пайда болса, дереу дәрігерге көріну керек.
Алматы облысының бас
мемлекеттік санитариялық дәрігері Марат ИСМАИЛОВ