Меню

Страницы

Статья

«Туберкулездің алдын алу»

«Туберкулездің алдын алу»

 

         Туберкулез – туберкулез микобактерияларымен шақырылатын, көбіне ауа-тамшылы жолмен таралатын жұқпалы ауру. Туберкулез адам ағзасында жиі өкпені зақымдайды. Сондай-ақ лимфа бездері, ішек, бүйрек, жыныс ағзалары, көз, сүйек, буын, ми, ми қабықшасы және басқа да ағзалар мен мүшелер зардап шегеді.

         Туберкулезге әртүрлі адамдар әртүрлі дәрежеде сезімтал болып келеді, бірақ жиі иммундық жүйесі әлсіреген адамдар ауырады.

         Иммундық жүйенің әлсіреуіне келесі факторлар әсер етеді: жеткіліксіз немесе құнарсыз тамақтану, уытты заттар (шылым, алкоголдік ішімдіктер, есірткі) пайдалану, қосалқы аурулары бар адамдар туберкулез ауруына бейім (адам иммунтапшылық вирусы жұқпасымен, қант диабеті, асқазан мен он екі елі ішектің ойық жарасы, ұзақ уақыт гормоналды препараттарын қабылдайтын науқастар).

         Туберкулез ауруы басталғанда мынандай белгілер білінеді: жөтел, әлсіздік, дене қызуының көтерілуі, кеуде тұсының ауруы, тәбеттің, салмақтың, жұмысқа деген қабілеттің төмендеуі. Туберкулездің осындай негізгі  белгілеріне адамдардың көбісі көңіл бөліп, дәрігерге уақтылы қарала қоймайды немесе өз бетімен ем қабылдай бастайды. Онан әрі бұл белгілердің  бәрі үдеп күшейе түссе, науқастың қан түкіруі мүмкін. Жөтел – туберкулезге тән ең алғашқы белгілердің бірі. Егер жөтел 2 аптадан артыққа созылса, міндетті түрде медициналық мекемеге барып, дәрігерге қаралып, туберкулез аурына тексерілу керек.

          Туберкулезді қалай жұқтыруға болады?

   Көбінесе ауа арқылы (аэрогендік, ауа-тамшы жолы) өкпе туберкулезімен ауыратын науқастан жұғады. Алғаш анықталған науқастардың шамамен 50%-ы сөйлесу, жөтелу, түшкіру кезінде туберкулез қоздырғышын қоршаған ортаға шығарады. Қақырықтың ең кішкентай бөлшектері бар аэрозоль ұзақ уақыт бойы ауада болуы мүмкін және балалар мен ересектердің инфекция көзі болып табылады. Егер науқас адам емделмесе, ол бір жылда 10-15 адамды жұқтыруы мүмкін.

          Туберкулездің алдын алу шаралары.

          Вакцинация – БЦЖ вакцинасы қолданылады. Туберкулезге қарсы екпе перзентханада     Ұлттық күнтізбеге сәйкес 0-4 күн аралығында жасалады. Аталған екпеден ата-аналардың бас тартуы да кездеседі. Екпе баланы туберкулездің асқынған, өлімге әкелетін түрлерінен сақтайтынын ұмытпаған жөн.

Сонымен қатар толыққанды тамақтану, дене шынықтыру, спортпен шұғылдану, темекі, шегуден, алкогольді қабылдауды шектеу, есірткіден бас тарту, еңбек және демалыс режимін сақтау, стресстен, депрессиядан, жағымсыз эмоциялардан сақтану, тазалықты сақтау (ылғалды жинау, жөтел этикетін сақтау).

         Есте сақтаңыздар! Туберкулез емделетін ауру,  емдеудің толық курсын уақытымен  алса, бұл дерттен құлан таза айығуға болады.

          Қазақстан Республикасында туберкулезге шалдыққан ауруларды тексеру және емдеу тегін.

 

Дата публикации
26 февраля 2026
Дата обновления
26 февраля 2026
Тип
Мақалалар

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
Медицинский осмотр
Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
Жарқын әсерлер мен бай тарих: Өзбекстанға ұмытылмас саяхат.
Пайдалы ақпарат
22 октября 2026
КОНДИТЕРЛІК ӨНІМДЕРДІ ТАҢБАЛАУДЫҢ МАҢЫЗЫ

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы