Меню

Страницы

Статья

Есте сақтау маңызды: қандай аурулар ет арқылы жұғады.

        Есте сақтау маңызды: қандай аурулар ет арқылы жұғады.

        Сатуға рұқсат берілмеген жерден немесе ұймдастырылмаған базарлардан етті сатып алу қауіпті болуы мүмкін, өйткені ол бруцеллез, сібір жарасы сонымен қатар басқа да жұқпалы және паразиттік ауруларды жұқтыру қаупін арттырады.

      Бруцеллез – қоздырғыштардың берілуінің көптеген механизмдерімен сипатталатын, созылмалы түрге ауысу тенденциясымен және негізінен тірек-қимыл аппаратын, жүрек-тамыр, жүйке және ұрпақты болу жүйелерін зақымдайтын жедел зооноздық ауру. Инкубациялық кезең 1-2 апта, кейде организмге енгізілген қоздырғыштың дозасына, оның жұқпалылығына, организмнің төзімділігіне байланысты жұқтырған сәттен бастап 2 айға дейін созылады. Адамдарға бруцеллезді жұқтырудың негізгі көзі – ұсақ мал, ірі қара мал, шошқа. Бруцеллез ауруының қоздырғышы ауырған өлекселердің ішкі ағзаларында, сүйектерінде, бұлшықеттерінде және лимфа түйіндерінде 1 айдан астам, қой жүнінде 4 айға дейін сақталады және адам ағзасына, оның ішінде жеткілікті түрде пісірілмеген, ластанған етті тұтыну арқылы түседі. Соңғы үш жылда Алматы облысының тұрғындары арасында, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында бруцеллез ауруының өсу тенденциясы байқалады. 2025 жылдың басынан бері Алматы облысының 6 ауданында, атап айтқанда 34 елді мекенде 100 мың адамға шаққанда 2,85 аурушаңдық көрсеткіші тіркелді.

     Сібір жарасы – аса қауіпті жұқпалы ауру. Соңғы 10 жылда Алматы облысының тұрғындары арасында сібір жарасының 22 жағдайы тіркелген. Сібір жарасын ауыл шаруашылығы жануарлары: қой, ірі қара, қой-ешкі, жылқы, түйе, есек, шошқа жұқтырады. Сібір жарасының қоздырғышының спора түзу қабілеті бар. Бұл қабілет топырақта және ауру жануарлардың иленген терісінде ондаған жылдар бойы өмір сүруге мүмкіндік береді. Жануар өлгеннен кейін жануардың барлық мүшелері, соның ішінде терісі, жүні, тіпті сүйектері бактериялармен ластанған күйде қалады. Адамдар сібір жарасын ауру малды күту кезінде, ветеринария мамандарына ескертпей жасырын немесе амалсызда сою кезінде, өлекселерді бөліп шабу кезінде, ауру етін саудалау кезінде жұқтырады. Ауру клиникалық түрде интоксикациямен және терінің, лимфа түйіндерінің және ішкі ағзалардың серозды-геморрагиялық қабынуының дамуымен сипатталады, тері немесе септикалық формада көрінеді.

         Аурудың алдын алу үшін:

        - Рұқсат етілмеген базарлардан ет және ет өнімдерін (фарш, шұжық, өңделген тағамдар) сатып алмаңыз;

        - ветеринариялық ілеспе құжаттарсыз жануарлардың қозғалысына (жануарларды сатып алу, сату, сою және жануарлардан алынатын өнімдерді өткізу) жол бермеу.

Дата публикации
01 октября 2025
Дата обновления
01 октября 2025
Тип
Мақалалар

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
Медицинский осмотр
Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
Жарқын әсерлер мен бай тарих: Өзбекстанға ұмытылмас саяхат.
Пайдалы ақпарат
22 октября 2026
КОНДИТЕРЛІК ӨНІМДЕРДІ ТАҢБАЛАУДЫҢ МАҢЫЗЫ

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы