Меню

Страницы

Статья

Абайлаңыз, қышыма !!!

Абайлаңыз, қышыма !!!

 Қышыма - терінің ең көп таралған паразиттік зақымдануларының бірі, оның қоздырғышы – қышыма кенесі. Терідегі бөртпелер және олардың орналасқан жерлеріндегі сызаттар - сырқаттанушылықтың негізгі көрінісі. Тұрақты қышудың салдарынан күшті сызаттар ұйқының бұзылуына, жүйке жүйесінің қозуына әкеледі. Балаларда қышыма екіншілік инфекцияның қосылуына байланысты, көбінесе паронихия, пиодермия, импетиго, микробтық экзема сияқты іріңді сипаттағы асқынуларға әкеледі.Ағымды кезеңде облыста қышыманың 24 жағдайы тіркелді, оның біршама үлесін -  80% - н 14 жасқа дейінгі балалар құрады. Бұл балалардың бір-бірімен тығыз байланыста болуымен және жеке гигиеналық дағдыларды ескермеуімен түсіндіріледі. Балалар сырқатпен тығыз қарым – қатынаста болуынан инфекция тікелей жолмен жұғады. Сондай –ақ, сырқаттанушылық науқас адамның заттарын (ойыншықтар, ыдыс-аяқ, төсек-орын, киім) пайдалану немесе қоғамдық орындарда (монша, бассейн, санаторий, лагерь, аурухана, пойыз) тиісті қауіпсіздік ережелерінің сақталмауы салдарынан пайда болады.

Қышыма ауруына шалдықпау үшін:

  • тәрбиелеу ұйымдарында балаларды үнемі профилактикалық тексеру;
  • гигиена ережелерін сақтау, қол жуу;
  • жеке гигиена құралдарын пайдалану;
  • киім және төсек-орын жабдықтарын уақтылы ауыстыру;
  • жуу және дезинфекциялау құралдарын пайдалана отырып, үй-жайларда дымқыл тазалау;
  • қоғамдық моншалар мен сауналарда гигиена шараларын ұстану.
Дата публикации
17 сентября 2025
Дата обновления
17 сентября 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
Медицинский осмотр
Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
Жарқын әсерлер мен бай тарих: Өзбекстанға ұмытылмас саяхат.
Пайдалы ақпарат
22 октября 2026
КОНДИТЕРЛІК ӨНІМДЕРДІ ТАҢБАЛАУДЫҢ МАҢЫЗЫ

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы