Меню

Страницы

Статья

Дерматомикоздың алдын алу шаралары

Дерматомикоздың алдын алу шаралары

 

Ағымдағы жылы дерматомикозбен сырқаттанушылықтың өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 30% - ға өсуі байқалады. Жалпы облыс бойынша дерматомикоздың 300 – ден астам жағдайы тіркелді, оның ішінде науқастардың негізгі үлесін -  86%-н 14 жасқа дейінгі балалар құрады. Жұқпалы тері аурулары балалар ұжымында оңай таралуына орай қауіпті. Бұл балалар арасындағы тығыз байланысқа және жеке гигиена ережелерін сақтамауға байланысты.

            Дерматомикоздың алдын алу шаралары:

  • Жеке гигиена ережелерін сақтаңыз және балаларды тәрбиелеңіз;
  • Жеке гигиена заттары мен аяқ киімді жеке пайдаланыңыз. Өзге адамдардың заттарын пайдалану қоздырғыштың науқас адамнан сау адамға жұғуына әкеледі;
  • Аяқ киімді таза ұстаңыз. Жылы мезгілде ашық, жақсы желдетілетін аяқ киім киіңіз;
  • Қоғамдық моншаларда, сауналарда, бассейндерде ортақ заттарды пайдаланбаңыз;
  • Қаңғыбас жануарлармен байланыста болудан аулақ болыңыз.

            Дерматомикоздың алдын алу мақсатында балаларды ұйымдасқан ұжымдарға қабылдаған кезде, жазғы демалыстан кейінгі алғашқы екі апта ішінде - мектеп оқушыларын тері ауруларына  міндетті түрде  тексеру қажет. Егер теріде және бас терісінде бөртпелер анықталған жағдайда, диагнозды уақтылы анықтау және емдеу үшін дереу дерматолог – дәрігерге қаралу керек.  

 

 

Дата публикации
17 сентября 2025
Дата обновления
17 сентября 2025
Тип

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
Медицинский осмотр
Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
Жарқын әсерлер мен бай тарих: Өзбекстанға ұмытылмас саяхат.
Пайдалы ақпарат
22 октября 2026
КОНДИТЕРЛІК ӨНІМДЕРДІ ТАҢБАЛАУДЫҢ МАҢЫЗЫ

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы