Меню

Страницы

Статья

Вирустық «А» гепатиті: нені есте сақтау керек?

2025 жылдың 7 айында облыста  вирустық А гепатитінің 82 жағдайы тіркелді, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда сырқаттанушылықтың 2,7 есе төмендеуі байқалады. Айта кету керек, балалар жұқпалы аурумен жиі сырқаттанады, тіркелген жағдайлардың 34% 14 жасқа дейінгі балаларға тиесілі.

Вирустық А гепатиті – жұқпалы аурумен тек адамдар сырқатттанады. Вирус қоршаған ортаға нәжіспен таралады. Инфекция фекальды-оральды механизмімен беріледі,  су, тағам,  тұрмыстық - қатынастық жолдармен жүзеге асырылады. Вируспен ластанған суды және тағам өнімдерін,  сондай-ақ науқас қолданған ыдыс-аяқты, ойыншықтарды, жеке күтім заттарын және т.б.  пайдалану арқылы жұқтырады.

А гепатит вирусы сыртқы ортаның әсеріне өте төзімді: төмен және жоғары температураға сезімтал емес (60°C дейін қыздыру 30 минутқа төтеп береді, 80°C температурада 5 минуттан кейін және қайнаған кезде – бірден жойылады), кептіруге, көптеген химиялық заттардың әсеріне және ультракүлгін сәулеленуге төзімді.

Вирустық А гепатитінің алдын алудың тиімді әдісі - вакцинация. Жұқпаға қарсы екпелер тіркелу орны бойынша медициналық ұйымдарда 2 жастағы балаларға және эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша жұқпа ошағында қарым – қатынаста болған 14 жасқа дейінгі балаларға жүргізіледі.

Сонымен қатар А вирустық гепатитінің алдын алудың қарапайым шараларын сақтау ұсынылады:

  • тамақтанар алдында, дәретханаға барғаннан кейін, жұмыстан оралғанда, серуендеп келген соң қол жуу;
  • ішу үшін тек қайнатылған немесе бөтелкедегі суды тұтыну;
  • шомылу кезінде суды жұтудан сақ болу;
  • көкөністерді, жидектерді, жемістерді ағынды сумен жуу, қайнаған сумен шаю;
  • адамдар орналасқан үй-жайларды: үйде, жұмыста, қоғамдық тамақтану объектілерінде үй жайларды таза ұстау.
Дата публикации
18 августа 2025
Дата обновления
18 августа 2025
Тип
Тұрғындарға арналған ақпарат

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
Медицинский осмотр
Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
Жарқын әсерлер мен бай тарих: Өзбекстанға ұмытылмас саяхат.
Пайдалы ақпарат
22 октября 2026
КОНДИТЕРЛІК ӨНІМДЕРДІ ТАҢБАЛАУДЫҢ МАҢЫЗЫ

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы