Меню

Страницы

Статья

Сальмонеллез және оның алдын алу шаралары

Сальмонеллез - бұл адам ағзасына тағам арқылы енетін Salmonella тұқымдасының бактериялары тудыратын жедел жұқпалы ауру.

         Сальмонеллезді жұқтыру жолдары әртүрлі: әдетте тағам, оның ішінде жануарлар мен құстардың етін, сондай-ақ жұмыртқаны пайдалану арқылы жұғады. Микроорганизмдер тағамға жеткіліксіз өңдеудің  (жартылай шикі стейктер, шикі пісірілген жұмыртқалар, глазунья) нәтижесінде, тағамды сақтау ережелерінің және жеке гигиена ережелерінің сақталмауы салдарынан енеді.

         Инфекция көзі: жануарлар, көбінесе үй жануарлары (ірі қара, шошқа, мысық, ит), құстар, сальмонеллезбен ауыратын сырқаттар немесе инфекцияның сау тасымалдаушылары болуы мүмкін. Сондай – ақ, ластанған суды ішу немесе шомылу кезінде суды жұту арқылы жұқтырып алу мүмкін. Әсіресе, сарқынды сулармен ластанған ашық су қоймаларының суы - нақты эпидемиялық қауіпті тудырады.

         Әдетте сырқаттанушылық жедел гастрит, гастроэнтерит немесе гастроэнтероколит түрінде, сирек септикопиемия түрінде өтеді,  аурудың белгілері айқын көрінуі мүмкін немесе болмауы да мүмкін. Алайда, көп жағдайда: дене қызуының жоғарылауы, жалпы әлсіздік, бас ауруы, жүрек айну, құсу, іштің ауруы, бірнеше рет сұйық, сулы нәжіс -  белгілері байқалады.   Аурудың ауыр ағымында дегидратация, бауыр мен көкбауырдың ұлғаюы, бүйрек жеткіліксіздігінің дамуы мүмкін.

 

Алдын алу шаралары

  • Тағамды өңдеу және дайындау ережелерін сақтаңыз, атап айтқанда, шикі ет пен құс етін кескеннен кейін қолды, ыдысты, тақтайларды,  үстел беттерін мұқият жуыңыз;
  • Шикі және дайын тағамдарды бөлек сақтаңыз. Дайындалған тағам шикі тағаммен жанасу арқылы ластануы мүмкін;
  • Азық-түлікті дұрыс сақтаңыз (тоңазытқышта), егер пісірілген тағамдар келесі күнге қалса, оларды қолданар алдында термиялық өңдеуден өткізіңіз;
  • Шикі жұмыртқаны тұтынбаңыз, оны қайнатылған немесе екі жағынан мұқият қуырылған күйде пайдаланыңыз;
  • Шикі сүтті және шикі сүттен жасалған тағамдарды тұтынудан аулақ болыңыз. Тек пастерленген немесе қайнатылған сүтті қолданыңыз;
  • Сату мерзімі өткен, рұқсат етілмеген сауда орындарында немесе қолдан, күмәнді сапада өнімдерді сатып алудан аулақ болыңыз;
  • Жеке гигиена ережелерін ұстаңыңыз: сырттан келгенде, тамақтанар алдында, тамақ дайындамас бұрын, жануарларға күтім жасағаннан кейін қолыңызды сабынмен мұқият жуыңыз.
Дата публикации
01 июля 2025
Дата обновления
01 июля 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
Медицинский осмотр
Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
Жарқын әсерлер мен бай тарих: Өзбекстанға ұмытылмас саяхат.
Пайдалы ақпарат
22 октября 2026
КОНДИТЕРЛІК ӨНІМДЕРДІ ТАҢБАЛАУДЫҢ МАҢЫЗЫ

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы