Алматы облысында 2024 жылдың 3 айында қызылша ауруына күдікті 2 мыңнан астам адам медициналық көмекке жүгінді, оның ішінде сырқаттанғандардың 62% - н 5 жасқа дейінгі балалар құрады.
Сырқаттанушылықтың 88%-ы екпе алмағандарға келеді, оның ішінде: 27% жасы бойынша вакцинациялауға жатпайтындар, 25% денсаулық жағдайын байланысты медициналық шектеу себептерімен екпе алмағандар, 25% иммундық мәртебесі белгісіздер және 22% вакцинациядан бас тартқандар.
Бүгінгі күні қызылшаға қарсы жаппай иммундау шеңберінде жоспарға алынғандардың 98% егумен қамтылды, оның ішінде 6 айдан 10 айға дейінгі балалар, медициналық қызметкерлер және толықтыра иммундауға жататын 18 жасқа дейінгілер 100% егілді, 2 – 4 жасқа дейінгі балалардың егілуі 93% құрады.
Вакцинация – қызылша ауруының алдын алудың жалғыз сенімді жолы!!
Қызылшаның арнайы емі жоқ.
Вакцинаның 2 дозасы балаңызды қызылша жұқпасынан және одан кейін дамитын ауыр асқынулардан сақтайды!!!