Ағымды жылдың өткен мерзімінде көкжөтел жұқпасының 66 жағдайы 14 жасқа дейінгі балалар арасында анықталды, оның ішінде 59 жағдайда нақтама зертханалық жолмен расталды.
Сырқаттанушылықтың негізгі үлесін - 64% бір жасқа дейінгі балалар құрайды, 1 – 4 жасқа дейінгі балалар - 29%, 5 - 9 жасқа дейінгі балалар - 7%.
Сырқаттанушылықтың 91%-ы екпе алмағандарға келеді, оның ішінде: 15% жасы бойынша вакцинациялауға жатпайтындар, 35% вакцинациядан бас тартқандар және 50% денсаулық жағдайын байланысты медициналық шектеу себептерімен екпе алмағандар.
Көкжөтелдің алдын алудың ең тиімді шарасы - вакцинация.
Ұлттық профилактикалық егу күнтізбесіне сәйкес, вакцинацияның негізгі курсы нәрестенің 2, 3 және 4 айында жүргізіледі. Ревакцинация негізгі иммунитетті сақтау үшін 18 айда жүзеге асырылады. Әрі қарай, 6 жасында вакцинаның қосымша дозасы енгізіледі.
Бүгінгі таңда облыста көкжөтелге қарсы толықтыра вакцинация жүргізілуде, осыған орай, жоспарлы вакцинацияны өткізіп алған балалар көкжөтелден қорғану мүмкіншілігі бар!!!!