Ауыз судың сапасы мен қауіпсіздігіне санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг нәтижелері бойынша (өткен жылмен салыстырғанда):
- ауыз су сапасы санитарлық-химиялық көрсеткіштер бойынша гигиеналық нормативтерге сәйкестігі 95,4% - дан 98,6% - ға дейін жақсарған немесе 3,2%
- микробиологиялық қауіпсіздік бойынша гигиеналық нормативтерге сәйкестігі 95,5% - дан 99,1% - ға дейін жақсарған немесе 3,6%.
Айта кету керек, облыста халық арасында ауыз сумен байланысты жұқпалы аурулардың жағдайлары тіркелмеген.