Меню

Страницы

Статья

Қызылшадан қорғану мүмкіндігін жіберіп алмаңыз!!!

Әлемде де, біздің елде де қызылшаға қатысты эпидемиологиялық жағдай күрделі.  ДДҰ деректеріне сәйкес, әлемнің 167 елінде қызылшаның 415 мыңнан астам жағдайы тіркелген. Біздің Республикамызда жыл басынан бері 18 мыңнан астам адам инфекциялық аурушаңдық белгілерімен жүгінді, Алматы облысында қызылшаға күдікпен 3 мыңнан астам жағдай тіркелді.

Қызылша – вакцинамен басқарылатын инфекция және сәтті жүргізілген иммундау науқаны аурудың одан әрі таралуын болдырмайды.

Айта кету керек,  облысымызда қызылшаға қарсы қосымша жаппай иммундау аясында 6 261 адам, оның ішінде 5 жасқа дейінгі 4 989 бала  екпемен қамтылды, дәл осы жас  инфекцияға осал болып, аурығандардың 70% құрайды.

 Вакцинациялауға 6 айдан 10 айға дейінгі және 2 жастан 4 жасқа дейінгі балалар, медицина қызметкерлері, сондай-ақ бұрын қызылшамен ауырмаған, егілмеген ересектер және 30 жасқа дейінгі қызылшаға қарсы вакцинация туралы деректері жоқ адамдар жатады.

Есіңізде болсын, иммундау балалар үшін өте маңызды, өйткені пневмония, энцефалит сияқты асқынулар вакцинацияланбаған әрбір балада дамуы мүмкін.

Балалар мен жақындарыңыздың денсаулығын сақтау үшін, қызылшаға қарсы егу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз!!!

Дата публикации
05 декабря 2023
Дата обновления
05 декабря 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
Медицинский осмотр
Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
Жарқын әсерлер мен бай тарих: Өзбекстанға ұмытылмас саяхат.
Пайдалы ақпарат
22 октября 2026
КОНДИТЕРЛІК ӨНІМДЕРДІ ТАҢБАЛАУДЫҢ МАҢЫЗЫ

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы