2020 жылғы 04-11 маусым аралығында ұялы телефон дабылдарын басу құралдарын орнату жоспарланған үй-жайларда оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Алматы облысы «Ұлттық сараптама орталығы» және Іле аудандық «Ұлттық сараптама орталығы» бөлімшесінің мамандарымен облыс бойынша Ұлттық біріңғай тестілеу өткізілетін 16 аумақтық орындарындағы (Ақсу, Алакөл, Балхаш, Еңбекшіқазақ, Жамбыл, Іле, Қарасай, Қаратал, Кербұлақ, Кеген, Райымбек, Панфилов, Сарқан, Ұйғыр аудандары және Қапшағай, Талдықорған қалаларында) 154 аудиторияның электромагниттік өрісіне 6523 өлшеулер жүргізілді. Зертханалық өлшеу хаттамасының қорытындысы бойынша зерттеулер санитариялық талаптардың қағидаларына сәйкес.