Иммундаудың маңыздылығы туралы әркімнің білуі қажет деректер.
Барлық лицензияланған вакциналар мақұлданғанға дейін көптеген сынақтардың барысында мұқият тексерiледi, ал нарыққа шыққаннан кейін оларды қайта бағалау жүйелі түрде жүргізіледі. Әдеттегідей, вакцинаға реакциялардың көбісі азғантай және уақытша болады, мысалы, қолдың ауыруы немесе кішігірім қызу түрiнде бiлiнедi.
Вакциналау белгілі бір инфекцияларға тұрақтылық құру үшін ағзаның табиғи қорғаныс қасиеттерін ынталандыруға мүмкіндік береді. Вакцина адамның иммундық жүйесі нағыз жұқпалы аурумен кездесіп, онымен күрескен кездегідей, сіздің иммундық жүйеңізге антиденелер қалыптастыруға үйретеді. Бұл ретте, вакциналардың көбісінің құрамында нағыз тірі микроорганизм жоқ болғандықтан, олар ауруды тудырмайды және екпе алғандарды ауыру тәуекеліне ұшыратпайды.
Вакциналар екпе алғандарды қорғайды және ұжымдық иммунитеттің арқасында қоғамда екпе алмағандар арасындағы ауру деңгейін төмендетуге көмектеседі. Ұжымдық иммунитет халық тобының жеткілікті үлесінде иммунитет болғанда және аурудың азаю көрсеткіші екпе алғандар пайызынан асқанда қалыптасады.
Көп вакциналардың құрамында алюминий тұздары болады, өйткені олар иммундық жүйенің вакцинаға реакциясын бекітуге және ұзартуға көмектеседі. Алюминийдің азғантай мөлшері табиғи түрде тамақ өнімдерінде, сондай-ақ ауыз суда, емшек сүтінде және балаларға арналған сүт қоспаларында да бар. Бұл вакцинадағы мөлшерден әлдеқайда жоғары. Вакциналарда алюминий өте аз - құрамында кемінде 2 миллиграм тұздар және кемінде 1 миллиграм алюминийдің өзі болады.
1998 жылы жүргізілген, қоғамның алаңдаушылығын тудырған вакциналау мен аутизм арасындағы ықтимал байланыс туралы зерттеу қате және жалған деп танылған. Өкінішке орай, оның нәтижелерінің жариялануы үрей тудырып, бұл иммундау деңгейінің төмендеуіне және вакцина көмегімен болдырмауға болатын аурулардың кеңінен тарауына әкелген. Бүгінгі күні бұл қате пікір әлі де кең тараған. Дегенмен, вакциналар мен аутизм немесе аутистік бұзылулар арасындағы байланыс туралы нақты дәлелдер жоқ.
Вакцинаның көп түрлерi вакциналау мен вакцина алатын адамға байланысты инфекциядан ұзақ қорғауды қамтамасыз ете алады. Дегенмен, кейбiр вакциналарды қолданған кезде бустерлiк немесе мерзiмдi қайта вакциналау кажет болады. Сiздiң учаскелік дәрігеріңіз, бустерлік доза кандай вакциналарға және қашан қажет болуы мүмкiн екенiн түсiнуге көмектесе алады.
Бірнеше вакцинаны бiр уақытта енгiзудiң басты артықшылығы - Сiздiң уақытыңыз бен ақшанызды үнемдей алатын дәрiгерге барудың азаюы. Тағы бір артықшылығы - мұндай вакциналау баланың ағзасын ол ең осал болған кезеңде - өмiрiнiң алғашқы айларында қорғауды қамтамасыз етуге көмектеседі.
Ұсынылған схемалар сәбилерді және жас балаларды ең осал кезінде және олар вакцинамен басқарылатын ауруларға ұшырамас бұрын қорғауға көмектесу үшін жасалған. Ұсынылған схемалар ғылыми деректер негізінде әзірленеді. Ұсынылған схеманы сақтау балаңыздың емдеуші дәрігеріне барудың санын азайтуды және сіз бен балаңыз үшін азырақ күйзеліске ұшырауды білдіреді.
Көптеген елдерде ата-аналарға профилактикалық екпелер картасы беріледі, онда балаға қандай екпелер жасалғаны және келесi екпелерді немесе бустерлік дозаларды қашан алу қажет екенi көрсетiледi. Барлық ұсынылатын екпелер өзектi екенiне көз жеткізген маңызды. Вакциналау мерзiмдерiн өткiзiп алу немесе ауыстыру баланы елеулi aypy тәуекеліне ұшыратуы мүмкін, себебi Сiз мерзiмi ауыстырылған вакциналауға дейін немесе Сіз оны жасамауды шешкен жағдайда келешекте бала инфекция қаупіне ұшырамайтынына кепiл бола алмайсыз.