Меню

Страницы

Статья

Сальмонеллез

Сальмонеллез

Сальмонеллез -  ас қорыту жүйесінің Salmonella тұқымдасының бактерияларымен зақымдануымен сипатталатын жұққпалы ауру. Бұл бактериялар сыртқы ортада өте төзімді. Бактериялар ұзақ уақыт бойы сыртқы ортада сақталып қана қоймайды, сонымен қатар өнімдердің сыртқы түрі мен дәмін өзгертпестен көбейеді. Жоғары температура оларға зиянды әсер етеді, 70С температурада олар 5-10 минут ішінде жойылады.

Жұқпаның берілу жолдары

Инфекция көзі - сальмонеллезбен ауыратын адамдар немесе инфекцияның сау тасымалдаушылары (адам басқаларға инфекция көзі болған кезде, бірақ өзі ауырмайды), сонымен қатар жануарлар, көбінесе үй жануарлары (ірі қара, шошқа, мысық, ит) және құстар.

Тағамды тасымалдау, сақтау, дайындау кезінде санитарлық-гигиеналық талаптарды сақталмай өндірілген өнімдерді тұтыну, тез бұзылатын өнімдердің сақтау және пайдалану мерзімдері өтіп кеткен тағамды пайдалану, өнімдердің термиялық өңдеуді жүргізу ережелерінің сақталмауы нәтижесінде тағам жолымен жүреді.

Сальмонеллездің алдын алу шаралары

  • Үйде тағамды өңдеу және дайындау ережелерін сақтаңыз, атап айтқанда, шикі ет пен құс етін кескеннен кейін қолды, ыдысты, тақтайларды,  үстел беттерін мұқият жуыңыз.
  • Шикі және дайын тағамдарды бөлек сақтаңыз. Дайындалған тағам шикі тағаммен жанасу арқылы ластануы мүмкін.
  • Азық-түлікті дұрыс сақтаңыз (тоңазытқышта), егер пісірілген тағамдар келесі күнге қалса, оларды қолданар алдында термиялық өңдеуден өткізіңіз.
  • Шикі жұмыртқаны тұтынбаңыз, оны қайнатылған немесе екі жағынан мұқият қуырылған күйде тұтынғаныңыз жөн. Шикі жұмыртқаны ішу ұсынылмайды.
  • Шикі сүтті және шикі сүттен жасалған тағамдарды тұтынудан аулақ болыңыз. Тек пастерленген немесе қайнатылған сүтті қолданыңыз.
  • Сату мерзімі өткен, рұқсат етілмеген сауда орындарында немесе қолдан, күмәнді сапада өнімдерді сатып алудан аулақ болыңыз.
  • Жеке гигиена ережелерін ұстаңыңыз: көшеден үйге келгенде, тамақтанар алдында, тамақ дайындамас бұрын, жануарларға күтім жасағаннан кейін қолыңызды сабынмен мұқият жуыңыз.
Дата публикации
17 июля 2023
Дата обновления
17 июля 2023
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
Медицинский осмотр
Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
Жарқын әсерлер мен бай тарих: Өзбекстанға ұмытылмас саяхат.
Пайдалы ақпарат
22 октября 2026
КОНДИТЕРЛІК ӨНІМДЕРДІ ТАҢБАЛАУДЫҢ МАҢЫЗЫ

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы