Біздің мемлекетімізде және әлемнің басқада көптеген елдері сияқты, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын сақтау біздің жұмысымыздың негізгі қағидаттарының бірі болып табылады.
Әлеуметтік- экономикалық дамудың қазіргі кезеңінде сыбайлас жемқорлықты жеңу елдің экономикалық және саяси дамуының маңызды стратегиялық бағыттарының бірі болып табылады.
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында Талдықорған қалалық санитариялық- эпидемиологиялық бақылау басқармасының қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын мүлтіксіз сақтау бойынша нақты жұмыс жүргізілуде. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау саласында мемлекеттік қызметшілер сыбайлас жемқорлық сипатының салдарын болдырмау мақсатында " Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" 2021 жылдың 29 желтоқсандағы N 410- V ҚР Заңы өзгерістер мен толықтырулар енгізілген", Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметі туралы" 2015 жылғы 23 қарашадағы N 416- V ҚРЗ, "Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" ҚР Президентінің 2015 жылғы 29 қарашадағы N 153 жарлығын және осы құқықтық қатынастар саласын регламенттейтін басқада нормативтік актілер талаптарын мүлтіксіз сақтайды.
Талдықорған қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасында 24-10-60 сенім телефоны жұмыс істейді.
Басқармада азаматтарға мемлекеттік қызметкерлердің мемлекеттік қызмет көрсетуіне наразылық білдіру үшін хаттар мен өтініштерге арналған жәшік орнатылған. Ғимаратта бейнебақылау камералары орнатылған. Қозғалысы шектеулі азаматтар үшін басу қоңырау тетіктері және пандус орнатылған.