2025 жылда санитариялық-эпидемиологиялық бақылау жүйесінде сыбайлас жемқорлықты алдын алу бойынша жүргізілген жұмыстар туралы

2025 жылда санитариялық-эпидемиологиялық бақылау жүйесінде сыбайлас жемқорлықты алдын алу бойынша жүргізілген жұмыстар туралы

Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты қоғамның сұраныстарына қарай, ұлттық практика мен озық шетелдік тәжірибені ескере отырып, ұдайы жетілдіріліп отырады.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" заңда алдын алу және қылмыстық-құқықтық құралдардың оңтайлы тепе-теңдігін қамтамасыз ететін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларының жаңа жүйесі жазылған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағарту және сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне "нөлдік" төзімділік атмосферасын құру арқылы бүгін сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске азаматтық қоғам да тартылған.

 

Алматы облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті өз кезегінде мемлекеттік орган бола отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты белсенді іске асыруда.

Департаменттің ресми сайтында "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет" бөлімі құрылды және жұмыс істеуде, онда салалық құжаттар, сондай-ақ Департаменттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне байланысты материалдар орналастырылған.

Мемлекеттік қызметшілер тарапынан сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша уақтылы ден қою мақсатында Департаменттің сайтында санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің жедел желісінің телефоны орналастырылған, 88000806065 сенім телефоны және almobldkgsen@dsm.gov.kz  пошта тұрақты жұмыс істейді, сондай-ақ Департамент мамандарының байланыс телефондары, жеке және заңды тұлғаларға сұрақ қою мүмкіндігі бар онлайн-қабылдау бөлмесі бар. Департамент қызметінің тиімділігі туралы онлайн-сауалнама орналастырылды.

Әдеп жөніндегі уәкіл сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін сақтау бойынша ұйымдастырушылық, түсіндіру шараларының кешенін тұрақты негізде жүргізеді.

 

2025 жылы Әдеп жөніндегі уәкіл осындай 46 іс-шара өткізді:

  • Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша 2 бейнеролик дайындалды
  • Мемлекеттік қызметшінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және этика бойынша 27 онлайн және көшпелі семинарлар мен кеңестер өткізілді
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру шеңберінде Департаменттің бастамашылығымен Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары А. Мамыт семинар өткізді. Семинар барысында мемлекеттік қызметшілер Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тұжырымдамасымен таныстырылды және Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
  • 2 кеңейтілген облыстық кеңесте Департаменттің аумақтық басқармаларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы және осы бағыттағы іс-қимыл мәселесі тыңдалды
  • Интернет-ресурстарда 17 мақала жазылып, жарияланды, оның 5-і сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тақырыбында.

 

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының «Ойын бизнесі туралы» Заңында көзделген анықтамаға сәйкес келетін ойын мекемелерінде құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуға қойылған сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді бұзуға жол бермеу мақсатында, сондай-ақ осы мақсатқа арналмаған орындарда құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуға немесе телекоммуникация желілерін, оның ішінде Интернет желісін пайдалану арқылы өткізілетін құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуға жол бермеу жөнінде тоқсан сайын профилактикалық жұмыс жүргізіледі. Барлық мемлекеттік қызметшілер 2025 жылдың басында Е-гов ақпараттық жүйесінде құмар ойындарға шектеу қойды.

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мақсатында Департаменттің "Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі бақылау жүргізу жөніндегі жұмыс тобын құру туралы" бұйрығы шығарылды, мониторинг жүргізу кестесі бекітілді. Есепті кезеңде облыс бойынша Департаменттің 4 аумақтық басқармалардың сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді. Талдау нәтижелері Департаменттің ресми сайтында орналастырылған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты қалыптастыру мақсатында 22 мемлекеттік қызметші біліктілігін арттыру шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы оқытудан өтті.

2025 жылы Алматы облысында сыбайлас жемқорлық жағдайлары тіркелген жоқ.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұтас саясатты қалыптастыру және одан әрі дамыту жөніндегі жұмысты Департамент тұрақты негізде жалғастырады және жүргізеді.

 

 

Алматы облысының

Санитарлық-эпидемиологиялық

Департамент басшының орынбасары,

Әдеп жөніндегі уәкіл                                                            Г. Аманова

Дата публикации
09 апреля 2026